Ғасыр жасаған әже кенже баласының 70 жас тойында тілек айтты (ВИДЕО)

/
Ғасыр жасаған әже кенже баласының 70 жас тойында тілек айтты (ВИДЕО)

Актер Рахман Омар кезекті той басқару салтанатында ерекше жағдайға куә болғанын айтты, деп жазды turkystan.kz.

Оның айтуынша, 70 жасты тойлауға мерейтой иесінің 100 жастағы анасы да қатысқан. Сондай-ақ ол жүктеген видеода қария өзінің мұндай жасқа бірінші - құдайдың, екінші - балаларының арқасында жеткенін айтқан.  

«Бір ғасыр... 100 жыл өмір сүріп жатқан кейуана. Сөзі анық, ойы тың. Жаңылмай батасын беріп отыр. Осыдан асқан бақыт бар ма?!», – деп жазды Рахман Омар.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары