ҚАЗАҚ ТIЛIНIҢ ҮЗДIК ОҚЫТУШЫСЫ АНЫҚТАЛДЫ

ҚАЗАҚ ТIЛIНIҢ ҮЗДIК ОҚЫТУШЫСЫ АНЫҚТАЛДЫ

ҚАЗАҚ ТIЛIНIҢ ҮЗДIК ОҚЫТУШЫСЫ АНЫҚТАЛДЫ
ашық дереккөзі

2009 жылдың 1–қазанынан басталған «Қазақ тiлiнiң үздiк оқытушысы» атты қалалық байқау өз мәресiне жеттi. Алматы қалалық Тiлдердi дамыту басқармасының ұйымдастыруымен өткен бұл байқаудың мақсаты – қазақ тiлi пәнiнiң бiлiм көшiн жылжытып келе жатқан ұзтаздар қауымына құрмет көрсетiп, мемлекеттiк тiлдiң мәртебесiн көтеру, ұзтаздардың өз мамандығына деген сүйiспеншiлiгiн арттырып, жiгерлендiру.

Алматы қаласындағы жетi аудан бойынша байқауға қатысқан мұғалiмдердiң ең үздiктерi жинаған тәжiрибелерiн ортаға салып, сабақ беру әдiстерi бойынша әрiптестерiмен бөлiстi. Өз iсiне берiлген, жаңалықты жатсынбай қабылдайтын, шәкiртiнiң жанына нұр құйып, бiлiм нәрiмен сусындатқан қазақ тiлi пәнiнiң майталмандарын анықтау, әрине, оңайға түскен жоқ. Алайда, қай жарыста болмасын, жүзден жүйрiк табылады. Нәтижесiнде №2 жалпы бiлiм беретiн орта мектептiң қазақ тiлi пәнiнiң оқытушысы Жанат Үмбетованың сабақ беру әдiсi бәрiнен де озық болып, бiрiншi орынды иемдендi. Талай жылдан берi алғыр оқушылардың бiлiктi ұстазы болып келе жатқан Айгүл Әмiрова (2-орын) мен Мөлдiр Бөлтiрiкова (3-орын) да жүлделi орындардан көрiндi.

Сондай-ақ, осы iс-шара барысында «Балаларға арналған үздiк шығармалардың» авторлары да айқындалды. Маркиза Базарбаева (1-орын), Тұрдақын Жексенбай (2-орын), Заря Жұманова (3-орын) секiлдi балалар тақырыбына қалам тербеп жүрген белгiлi қаламгерлер де алғыс хаттармен марапатталып, ақшалай сыйлықтарға ие болды.

Ж.АЙМАХАНҚЫЗЫ