120 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР «ҚАЗАҚ ТҰЛПАРЫ» ЖЫЛҚЫ ЗАУЫТЫ

120 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР «ҚАЗАҚ ТҰЛПАРЫ» ЖЫЛҚЫ ЗАУЫТЫ

120 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР «ҚАЗАҚ ТҰЛПАРЫ» ЖЫЛҚЫ ЗАУЫТЫ
ашық дереккөзі
337

«Қазақ тұлпары» жылқы зауытының тарихы қызықты деректерге толы. Бұл туралы осы зауыттың директоры, ауылшаруашылық ғылымдарының докторы Кикебаев Нәбидолла мырза әңгiмелеп бердi.

«Қазақ тұлпары» жылқы зауыты Қостанай қаласының iргесiнде, Тобыл өзенiнiң жағасына орналасқан. Зауыттың тарихы сонау ХIХ ғасырдың 80-шi жылдарынана, Николай патшаның Қостанай елдi мекенiнде Николаев уезi үшiн ашылған атқорадан басталды. Осы қызыл кiрпiштен салынған атқораға 2008 жылы 120 жыл толды.

Осы атқора Қостанай жылқы тұқымын жасап оны сақтауда бiрнеше буын ұрпақтың зор еңбегiнiң осы күнге жеткен бiрден-бiр белгiсi iспеттi. Қазақтың қазынасы дәл осы Қостанай жылқысынан шыққан деген де байлам бар.

Қазақстаннан шығарылған Қостанай жылқы тұқымы 1951 жылы 22 мартта ССРО Министрлер Кеңесiнiң Қаулысымен (И.В.Сталинннiң қолымен) мiнiс-жегiс жылқы ретiнде бекiтiледi.

Қазақстан Республикасының Президентiнiң тапсыруы бойынша 2000 жылдың 10-қаңтарында Қазақстан Республикасы үкiметiнiң №37 қаулысымен «Қазақ тұлпары» зауыты Қазақстан Республикасы Президентiнiң iс жөнiндегi басқармасына берiлген, РГКП «Қазақ тұлпары» аталып, жаңа спортқа мамандандырылған жылқының тұқымын жасау мақсаты қойылады.

2003 жылдың 20-қаңтарындағы Үкiметтiң №61 қаулысына сәйкес зауыт Қазақстан Республикасының ауылшаруашылық министрлiгiне өтедi.

Осы шаруашылық құрылған кезде жылқы саны 226 бас едi, ал биылғы жылдың басында жылқының өсiмi 137 пайызды құрап, 311 басқа жеттi.

2002-2008 жылдары ҚР АШМ-не қарасты «Қазақ тұлпары» ЖШС-гi шетелдiк тазақанды мiнiс жылқыларымен жарысқа түсiп, 294 рет жүлделi орынға ие болды, оның iшiнде 121 рет – бiрiншi, 103 рет – екiншi және 70 рет – үшiншi жүлделердi жеңiп алып, 13056,0 мың теңге пайда әкелдi, оның iшiнде 10 автомашина бар.

Шаруашылық жанданғалы берi 500-ден астам жылқы төлi алынды. Бұрын 100 құлыннан 52 құлын алынса, 2000-2008 жылдары бұл көрсеткiш 72 құлынға жеттi.

«Қазақ тұлпары» жылқыларының тұқымын жаңартып, асылдандыру жұмыстары 2003 жылғы 4-наурызда АШМ-гiнiң арнайы комиссиясы және 18-қыркүйек 2003 жылғы «НПЦ животноводства и ветреинарии» РГП ҚР АШМ-i бекiткен бағдарламалары бойынша жүргiзiлдi. «Қазақ тұлпары» жылқысының жаңа тұқымы Қостанай, тазақанды мiнiс, араб жылқыларын будандастыру арқылы осы үш асыл тұқымды жылқылардың ең жақсы сапаларын пайдалану арқылы жүзеге асады дейдi» Нәбидолла мырза.

2001 жылдан бастап жылқы сатылатын ашық аукцион жүргiзiлiп жатыр. Асылдандырылған жылқыларды сату жақсы жолға қойылған. Мысалы, 2000 жылы 73 мың теңгеге сатылса, 2009 жылы 430,0 мың теңгенi құрап, 6 есеге қымбатқа сатылып отыр.

Жалпы отандық спортқа мамандандырылған «Қазақ тұлпары» жылқы тұқыммын алуға және Қостанай мiнiс-желiс жылқысын сақтап қалуға барлық мүмкiндiктер жасалған.

Мысалы: жаңа жылқы зауытының құрылысын жасау мәселесi қойылып жүр, бiрнеше ғалымдар екi зертханада жұмыс iстеуде, таза қанды араб жылқысы, тазақанды батыс европалық мiнiс жылқылары сатып алынып, будандастыру әсiлдерi жүргiзiлуде.

Жасалып жатқан шаруаларға қарап, ендiгi 20-30 жылда «Қазақ тұлпары» зауыты таза қанды қазанат тұқымын шығаруы әбден мүмкiн деп сенуге болар

Өскенбай ҚҰЛАТАЙҰЛЫ

Серіктес жаңалықтары