ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫ АРТТЫРАТЫН ТРЕНИНГ

ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫ АРТТЫРАТЫН ТРЕНИНГ

ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫ АРТТЫРАТЫН ТРЕНИНГ
ашық дереккөзі

Соңғы кезде халықаралық «Әдiл сөз» сөз бостандығын қорғау қоры журналистерге арнап тренинг-семинарды жиi өткiзiп келедi. Әрине, мұндай семинардың қарапайым журналистер үшiн пайдасы көп. Әсiресе, құқықтық сауатқа жетiк емес қазақтiлдi тiлшiлер қауымы бiраз ақпаратқа қанығып қалатыны жасырын емес.

Бүгiнде сотқа тартылып жүрген тiлшелер аз емес. Кейбiреулер БАҚ өкiлдерiне қоқан-лоққы жасап, қорқытуға дейiн барады. Мұндай кезде әр тiлшi өз құқығын бiлсе болғаны, мәселенi өз тетiгiмен, өз жолымен шешуге негiз бар. Мiне, осы мақсатта Алматыда Мәдениет және ақпарат министрлiгi, «Әдiл сөз» сөз бостандығын қорғау қоры мен «Сорос» қорының ұйымдастыруымен «Қазақтiлдi БАҚ журналистерiнiң құқықтық бiлiктiлiгiн арттыру» атты тренинг болып өттi. «Әдiл сөз» ұйымы жанындағы қоғамдық сараптама орталығының жетекшiсi Ғалия Әженова, Алматы қалалық сотының судьялары Адайбек Бейiмбетов, Мәриям Қарабаева, филология ғылымдарының кандидаты, сарапшы маман Гүлжан Шоқым және қазақтiлдi журналистер бас қосқан жиында iскерлiк беделдiктi қорғау мәселелерi, ар-намыс, БАҚ өкiлдерiнiң құқықтары мен мiндеттерi секiлдi жайттар тақырыпқа арқау болды. Алматы қалалық сотының судьясы Мәриям Қарабаева журналистер тарапынан қойылған сауалдарға кәсiби түрде жауап бердi. «Тренингтiң басты мақсаты – журналистердiң құқықтық бiлiмiн арттыру. Қазiр төртiншi билiк болып отырған журналистер қауымы қоғамдық пiкiр қалыптастыратын маңызды құрал. Сондықтан да олардың құқықтық санасының жоғары деңгейде болуы қоғам үшiн маңызды» деп атап өткен Мәриям Қарабаева құқықтық мемлекет құруда БАҚ-тың қосар үлесi зор дейдi. Ал, «Әдiл сөз» сөз бостандығын қорғау қоры жанындағы сараптама орталығының жетекшiсi Ғалия Әженова бұл тренингтiң әсiресе, қазақтiлдi журналистердiң құқықтық бiлiктiлiн арттыруына өз септiгiн тигiзетiнiн айтады. Ол үшiн әуелi мемлекеттiк тiлдiң қолдану аясын кеңейтуге күш салуымыз қажет дейдi.

«Әдiл сөз» сөз бостандығын қорғау қоры қазақтiлдi журналистерге ауадай қажеттi мұндай тренингтердi тек Алматы, Астана қаласында ғана емес, елiмiздiң басқа да өңiрлерiнде өткiзудi жоспарлап, кiрiсiп те кеткен көрiнедi.

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ