ПИРАМИДАЛАР ЕЛIНДЕ

ҚЫЗЫЛ ТЕҢIЗ

Бүгiнде туристер мекенiне айналған, араб қазынасы қазанының қайнауына мол үлес қосып келе жатқан нүктенiң бiрi – осы Қызыл теңiз. Жағалауы – мамық құм, мөп-мөлдiр, тұзды суының дәмi – сүр еттiң сорпасындай. Миллион жыл бұрын Араб жарты аралы шығыс Африкадан бөлiнген кезеңде пайда болған бұл теңiздiң жағалауын алғашында аз ғана халқы бар балықшылар әулетi мекендеген.

Мысыр орталығы Каирден арасы алты жүз шақырымдай.

Қызыл теңiзден де дәм-тұз бұйырып, таң алакеуiмнен жолға шығып, тақтайдай тегiс жолмен зуылдап келемiз.

Александрияға барған сапардан айырмашылығы – жолай елдi мекендер мен оазистi жолықтырмадық. Алты сағат бойына құмдық жоталар мен тақыр даладан ұшқан құс, жортқан аң көзге iлiнбедi. Зырылдаған жылдамдықтан автобустағы магнитофон таспасына жазылып алынған қызуқанды араб әндерi де қалысар емес.

– Мына даланың шетi – шегi бола ма? – деп сұрадым, жанымдағы аудармашы Ахметтен.

– Египеттiң 92 пайызы құмнан тұрады.

– Сонда мынау мылқау құмды халық мекендей ме?

– Әрине. Жетпiс миллион халықтың қалаға қайсы бiрi сыйсын. Он жетi миллионның өзi Каирге жетiлiп артылады.

Оның “жетiлiп артылады” деген сөзiнiң астарын түсiндiм. Өткендегi бiр сапарда түн ауған шақта қалаға оралғанымыз бар. Жолда ұйықтай алмайтын басым, Каирдегi орталық көшелерiнiң бойынан, дәлiрек айтқанда, қос жағалаулы трассаның ортасындағы көгалдандырылған газонда отырған адамдарды көзiм шалған. “Демалып отырған бiреулер болды ғой” дейiн десем, “демалушылар” саны бiрнеше шақырымға созылып барады. Онда да осы Ахметтен оның мәнiн сұрағаным бар, алғашында күмiлжiңкiреп, қалжыңға айналдырмақшы болса да, тақымдап қоймаған соң, шынын айтуға мәжбүр болған. Бұлар – үйсiз-күйсiз, босқындар екен. Күнi ұзаққа қолынан iс келетiндерi жалданып жұмыс iстесе, көбiсi қайыршылықпен күнелтедi. Түнге қарай, аяқ суыту үшiн үлкен жолдың бойын паналайтын көрiнедi. Олардың ұзын – саны шамамен екi миллион. Бiр кем дүние-ай!

Қима жағаның әдiбiндей түп-түзу асфальт жолдың сол жағында ұшы-қиыры көрiнбейтiн Жерорта теңiзiнiң бұйраланып, жағаға соққан толқыны, қаражағалық жағаға мұнай қалдықтарын лақтыруда. Олар теңiз суымен шайыла-шайыла кәдiмгi қап-қара сағызға айналып, үйiлiп жатыр.

Оң жақтағы сары бел сахараның бетi де аракiдiк үй орнындай – үй орнындай жерлерi қарақошқыл тартып, сызданып жатыр. Жарықтық, бұзауы өлген сауын сиырдың желiнiндей сыздаған мұнай қорының ызасы жер бетiне тепкендей. Кей жерлерден аспанға атқылаған жалын, от көрiнедi. Ол – газ.

Сырт көзге момақансып, жүдеу қалып танытатын иен құмның асты тұнған кен байлығының көзi болғаны да.

– Мемлекет мына байлықты неге игермейдi? – деймiн тағы да.

– Қазiрше өзiмiзге жетедi. Бұлар болашақ ұрпақтың үлесi – дейдi Ахмет.

Өз елiмдi ойладым. “Кен байытамыз” деп шетелден шиебөрiдей шуылдап келiп жататын келiмсектердiң арқасында, бұрғы салынбаған жерi жоқ жаралы, далам-ай! Пәлен мың метрден бұрғылап мұнай iздеген инвесторлар мына мұнайы бетiне шығып, газы атқылап жатқан жаққа неге келмейдi екен?

Ойыма әкем айтқан әңгiме оралды.

… “Қазақ – көшу үшiн жаралған халық. Ел үнемi көшiп жүредi. Үнемi қозғалыста. Атыраудың қазiргi Доссор аймағына көшiп келгенiмiзде от орнындай-от орнындай жер қарақошқыл тартып жататын. Әжелерiмiз кiшкене құдықшалар қазып, әлгi жерден ыдыстарына қара май толтырып алатын. Тезек жағуға таптырмайтын бұл тамызықты – жермай дейтiн. Кейiннен асай-мүсейлерiн арқалаған шетелдiк мұнай қазушылар пайда болып, атақонысымыздың астаң-кестеңiн шығарды. Кеңес өкiметi кезiнде радиодан “Доссорыңнан, доссорыңнан май аққан” деп ән шырқап жатушы едi. Ғасырдан астам уақыт өтсе де, ел сол “Майы аққан Доссорыңның” пайдасын көре алмай жатыр” – деп едi. Қазiргi Доссор теңiз деңгейiмен салыстырғанда тақиядай төмен түсiп кеткен…

Сағыздай созылған ой керуенi мәресiне жеттi.

Ақ сазандай жағажайда жарқыраған мыңдаған тынығушылардың қатарына қосылдық. Жағажайға жақын орналасқан коттедждердiң бiрiнiң кiлтi қолға тиiсiмен теңiзбен көрiсуге жиналдық. Бөлмелерiнiң ерекшелiгi сонда, есiктен кiрiп – тесiктен шығасың. Яғни, тамақтанып келген соң, коттедждер орналасқан оралымдарды керi айналып жүрмей-ақ, қабырға ретiндегi әйнек есiктен шығып, жағалауға топ ете түсесiң. Бәрi ойластырылып қойылған. Керемет!

Әрбiр он бес минут сайын қонатын самолеттен күн сәулесiне зәру, бүкiл еуропалық елдерден ағылып жатқан туристердiң санында есеп жоқ.

Нарық заманының билеушi бикешi – ақша жүрген жер ешкiмнiң бет-жүзiне қаратпайтындығы бесенеден белгiлi. “Есектiң артын жу да, ақша тап” деген Абай сөзiнiң мұнда қаны жерге тамбайды. Жалаңаш жүресiң бе, жартылай жалаңаш жүресiң бе, қарап жатқан жан жоқ.

Дiни ұстанымға берiк арабтар да демалушыларға ләм-мим ескерту жасаудан аулақ. Себебi, қазына қалтасына құйылатын қаржының денiн осы европалықтар құрайды.

Көңiл бөле кететiн нәрсе – таза арап нәсiлiнiң өкiлдерi тұрмыстық қызмет көрсету аясына жегiлмейдi. Қызметшiлердiң көбi-копттар. Копттар– Египеттi ғасырлар бойы билеген грек-рим өкiлдiктерiнiң осында қалып қойған ұрпақтары. Сондай-ақ, өздерiн “американдықтар” деп санайтын негрлер.

Тамақ мәселесiнде көңiл тоқ. Қалаған тамағыңды алып жеп кете бересiң. Жалпы мысырлықтардың дастарқан мәзiрi – құс етi мен балық болып табылады.

Қызыл теңiздiң жағасында үш күн демалдық. Аты қызыл болғанымен, өзi көк теңiз. Неге қызыл атауын иеленген десек, теңiздiң түбiндегi жылдар бойы жатқан қызыл балдырлар уақыт өте келе минералл – тасқа (коралл тасына) айналып, теңiздiң үстiнен қарағанда қызыл болып көрiнедi екен.

Қызыл теңiз аймағындағы демалыс бағдарламасында Сахарада жасайтын бәдәуилердiң тұрмыс-тiршiлiгiмен танысу да кiрiптi.

Арқандай иiрiлiп, жыландай шиырылып жатқан құм белдерден асып бәдәуилерге жеткенше 90-100 шақырым жол жүру керек. Ол жаққа баруға анау-мынау көлiктiң тiсi бата бермейдi.

Жолға шығар алдында екiойлы болғанымыз рас.

“Бармай-ақ қойсақ қайтедi?” – дейдi iшкi үн.

Ақыры ердей келген соң барып қайтайық, көшпелi арабтардың да тұрмыс-салтымен танысып көрейiк деген байламға келдiк.

– Ол жаққа қалай жетемiз? – дедiк, жолбасшыға.

– Түйемен, – дедi, – Ахмет. – Түйе жануары қазақтарға да жат емес шығар.

Көп өтпей оның қалжың екенiн ұқтық. Жолға мотоциклмен, кәдiмгi екi-үш орындық мотоциклдермен шықтық. Туристерге қызмет көрсетуге әбден машықтанып алған көшiрлер сақадай сай дайын-ақ тұр екен.

Аузы-мұрынымызды бәдәуилердiң алабажақ орамалымен шандып байлап, құм суырған сахарамен құйындата ызғыттық.

Дала. Құм. Аспан. Басқа дым көрiнбейдi. Салқын сауырын төсеген, бауыр басып қалған Қызыл теңiзiмiз артта қалды. Қанша уақыт жүргенiмiздi айыру қиын, бiр мезетте жеттiк-ау, әйтеуiр.

Бұғатсыз үй. Қамыстан, саз балшықтан тұрғызылған шағын баспаналармен, ағаш белдеулi мал сақтайтын қора-қопсы.

Сахарада тұратын бәдәуилердiң негiзгi кәсiбi – мал мен егiн. Үйлерiнде құс, қой, ешкi, есек,түйе,сиыр жануарларымен қоса қодас та қолға үйретiлген. Қодастың сүтi мен етiнiң құнарлылығы сиырға қарағанда өнiмдi. Сиыр тәулiгiне он-он бес литр сүт берсе, қодас қырық-қырық бес литр сүт бередi.

Бiз күткен күнге қақталып, қаншырдай қатқан бәдәуилердiң етжендiлiгi мен сауаттылығы күдiк тудырғандай болды. Бұлар нағыз бәдәуилер емес, туристерге әдейi көрсету үшiн орналастырылған қалалық арабтар сияқты болып көрiндi.

Ойымша мұнда да қылмыс әлемi өз әмiрiн жүргiзетiндей. Нағыз бәдәуилердiң өсiрген малы мен көкөнiстерiнiң есебiнен джип мiнген араб серкелерi оларды тиын-тебенмен алдаусыратып, үстiнен пайда көретiндей. Оны жолсыз-сусыз сахараларда жүйткiп көзге түскен джип машиналарына қарап бағамдадық. Әлдiнiң әлсiздi қанайтыны атам-заманнан бар нәрсе-ау, сiрә!

Бәдәуилердi – тән тазалығы мен жан тазалығының кепiлi деп қарауға болатындай. Көзiне көрiнгендi сыпыра жалмай беретiн тойымсыздықты Алла Тағала сүйген құлдарына о баста нәсiп етпеген. Асқазаннан басталатын нәпсi тойымсыздығы үдей келе тоқтамайтын қасiретке шалдықтырары Құран кiтапта айқын баяндалған. Тамақты тоя жемей, қанағат қана қылып, күнiне бес уақыт намазға жығылу, Алланың атын үнемi жүректе ұстау-адамзат баласының ақыл-ойын, сана-түйсiгiн кемелдендiрiп, бойға сарқылмас күш-қуат беретiндiгi исi мұсылманға аян.

Құм суырған иен сахарадағы бәдәуилердiң қазiргi тұрмысы мен ұстаным салты әу бастағыдай десек болғандай. Олары – артық iшiп-жемеу, басы бос дүние-мүлiк жинамау, бiреулермен бой таласытырып, артық әрекетке бармау, күншiлдiк пен қиянат жасамау, өтiрiк, өсекпен ауызды былғамау т.т. дiн мұсылман шариғатымен-Алла жолынан ауытқымағандығы.

Ар тазалығы мен жан тазалығының өлшемi не? Оны қалай анықтаймыз? Бәдәуилердiң пайымдауынша бұл қасиеттер ол дүниеде сарапқа салынып, таразыға тартылатындығында. Алла Тағаланың көмекшiлерi – перiштелер, бақилық болған жанның жүрегiн таразының бiр басына, екiншi басына әулие құстың қанатының бiр қауырсынын салады. Күнәсiз адамның жүрегiнiң салмағы қауырсынның салмағымен тең түседi дейдi. Бұл бәлкiм аңыз да болар. Дей тұрсақ та пенделердiң обал-сауапты үнемi назарында ұстап, айналасына жауапкершiлiкпен қарауына септiгi тимей қоймас. Мына өмiрдi “жалған” деп, нағыз өмiр өлгеннен кейiнгi кезең екендiгiне әбден сенгендiгiнде. Рухтың өлмейтiндiгiне тән беру. Осы түсiнiкте қалу.

Тән тазалығы мен жан тазалығын тұтас қалпында сақтау.

Рас, бiз бiлiмдiмiз. Ақыл-санадан да кемшiн емеспiз. Ал жаппай сауатты болғанымызда – бiлiмпаз, танымпаздығымыз өз ортамызға қандай көмегiн тигiздi? Пайдасыз бiлiмдарлық кейбiр залымдардың iшiне бүккен зұлымдық iстерiн жүзеге асыруға мүмкiндiк туғызбай ма? Әсiресе, бiлiмдi залымдардың қоғамдық, халықтық салаларға араласуы сүлiктiкке, аярлық пен алаяқтыққа апарар бiрден-бiр жол емес пе? Және бұлар микробтан да тез көбейедi; бiрiн-бiрi алыстан тартады, нәтижесiнде сыбайласады. Бұл сыбайласу ел iшiн бүлдiрiп, қанаушылықтың жан төзгiсiз биiгiне шығармай ма? Ең өкiнiштiсi – қалың орта бұған төзiмсiздiкпен қарау орнына, сол ортаға бейiмделiп, көндiгiп, тiптен белсендiлерiне айналып шыға келуi. Мұндай замана iндетi тым күштi, тым жұқпалы.

“Дос – сыйласады, ұры – сыбайласады” деген мақалдың көктен алынбағандығына көзiң жеткендей.

Ұрлық-қарлық белең алған кер заманда оларға тыйым жоқ. Ұрлық демекшi, Каирдан Александрия қаласына барар жолда мынадай оқиғаның куәсi болдым:

Халық көп жүретiн үлкен көшенiң бойында қызыл-қырғын төбелес болып жатқан сияқты. Жиналғандар жерде жатқан бейбақты кесекпен, таспен атқылауда. Тамашалап тұрған бiраз адам кезек күтуде.

– Бұл неткен төбелес?, – дедiм, жолбасшыға қарап.

– Ұрыны ұстап алған болуы керек…

– Полицияға хабар бермей ме?

– Жоқ, оларды халықтың өзi жазалайды.

– Қалай жазалайды?

– Көрiп тұрсыз ғой. Бiзде ұрлық жасау – үлкен қылмыс саналады. Шариғат бойынша оған ең үлкен жаза қолданылады.

– Қытайда қолын кеседi деушi едi.

– Қолын кесу оңай жаза. Қолын кескенмен – ойын кесе алмайсың ғой. Бiздiң заң бойынша ұрыға мың адам кесек атуы тиiс. Мың адамнан таяқ жеген адам өзi-ақ өледi. Ұрлық – сайтанның iсi. Ал ұрыны сабау – сайтанды сабаумен бiрдей деп саналады. Оны жазалауға қатысқан әрбiр адамға сауап жазылады және оның күнәсi кешiрiледi деген ұғым қалыптасқан. Мына кезек тосып отырған адамдар – сауап iс жасау жолында отырғандар! – деп күлiмсiредi.

Әр елдiң заңы басқа. Менiң ойымша қатал да болса әдiл үкiм. Ол – халықтың заңы. Бiзде, яғни демократиялық мемлекетте ұрлық-қарлық барынша өркен жайып, шешек атуда. Оларға қолданылатын жаза тайғанақ. Заң кодексiнiң бiр тармағы жазаға тартса, екiншi тармағы қылмыскердiң жазасын жеңiлдету үшiн әдейi жазылғандай. Адам өлтiру – тауық бауыздаумен бiрдей. Заң жоқ емес, бар. Бiрақ әлгiндей “тармақтар” жүйеге қосылып тұрған кезде қылмыскерге бағытталған қыл бұрау-ауа қармап қала бермек…

…Арабтар дiнге берiк, салт-дәстүрге ұстамды жандар. Көбiсi ұлттық киiммен жүредi. Ер азаматтары етек-жеңi мол пiшiлген, жөргем көйлек киедi. Ертеректе бiздiң әжелер сондай көйлек киетiн. Шаштарын қысқа алдырып, кейбiрi тақия кисе, көбiсi жалаңбас жүре бередi. Ал, әйел балалары қара көйлек киiп, бастарына хиджап, немесе орамал салып, тек көздерiн ғана ашық ұстайды. Аспан айналып жерге түскендей шыжғырылған аптапта тұмшаланып жүрудiң қандай екенiн кез келген адам сезiнер. Бiрақ салттың аты – салт, өз дәстүрiнен ауытқымағандықтары үшiн де құрметпен қарағандайсыз.

Тағы бiр назарымды аударған нәрсе – кейбiр ер азаматтардың маңдайына басылған мөр сияқты қарақошқыл таңбаның болуы. Көпшiлiк орындарында ол кiсiлерге құрмет пен iлтипаттар жасалынып, кездескен адамдар екi қолын кеудесiне қойып сәлемдесiп жататындығы.

Бұл – ұзақ жылдар намаз оқыған адамдарда кездеседi. Нағыз арабтар намазды қатты кенептен немесе жез шиден тоқылған жайнамазға оқиды. Күнiне бес рет намазға жығылып, сәждеге бас ұратын адамдардың маңдайында жүре келе осындай дақтар пайда болады.

“Е, бәсе”, – деп ойландым iшiмнен, ертеректе естiгенiм бар, Ислам дiнiнiң негiзiн қалаушы, Мұхаммед пайғамбарымыз сахабаларына: – “Мен о дүниеде үмбеттерiмдi бiрден танитын боламын” – деген.

– Қалай танисыз?

– Пешенелерiнен, деп жауап қатыпты – дейдi.

Сол кезде мен де ойлап едiм пешенесiнен қалай таниды екен деп. Арада сан жылдар өткенде жұмбақ ойдың шешiмi алдымнан шыға келдi.

Бала кезiмiзде үлкендер бiреулерге кейiгенде, “сәждеге басы тиiп көрмеген, тасмаңдай” – деп ұрсып жатқанын естушi едiк. Сонда оның мағынасы “мұсылман емес, кәпiрсiң” дегендi бiлдiредi екен де.

Жалпы, Мысыр елiнде исi мұсылманның бәрi намаз оқиды. Әсiресе, жұма күндерi үлкен – кiшi демей бәрi мешiтке қарай ағылады. Намаз уақыты келiп, азан даусы естiлгенде бүкiл жұмыс тоқтатылады. Дүкен ұстаған саудагерлерден, көлiк жүргiзушiлерге дейiн, көше болсын, ғимараттардың алды болсын, жайнамазын жайып тастап, намазға кiрiседi. Жайнамаз болмаған жағдайда дүкеншiлер бiрнеше адамға жететiн маталарын жайып тастайды. Дәрет алатын жер де кез келген жерге ыңғайластырылған.

Бiздiң топта болған Бекмұхамбет пен Дархан да намазын қаза қылмады. Қыздар жағы қалжыңдап “елге барған соң да ұмытпай, осылай көшеде намазға жығыла берiңдер” деп жатты.

НIЛ АҒАДЫ СЫЛАҢДАП…

Айға жуық Каирде болған уақытымызда көптеген тарихи және қазiргi кезгi мәдени мәлiмметтерге қанықтық десем де болады.

Нiл өзенiнiң көпiрiнен ары да, берi де талай өттiк. Көпiрiнен ғана емес-ау, катерлермен, параходпен саяхат та жасадық. Нiл – дүние жүзiндегi ең ұзын өзен. Бұл өзен – Эфиопия, Уганда, Кения, Танзания мен Бурунди елдерiнiң қайнарларынан шыққан сумен толысып, Египед пен Суданды басып өтiп, Шығыс, Африка арқылы Жерорта теңiзiне құяды. Оның ұзындығы 6671 шақырым болса, енiнiң кейбiр жерлерi 23 шақырымға жетедi.

Бiр күнi жол сiлтеушi, басқарушымыз Торидiң туған күнi бола қалды. Ол бiздi Нiл бойымен параходпен саяхаттауға шақырды. Параходтың iшiнде екi-үш жүз адам сиятын рестораны бар екен. Бiз құр қол баруды жөн санамай, сыйлық – ескерткiштермен қоса, Бекмұхамбеттiң Алматыдан ала барған бiр бөтелке қымбат шарабын столға қойдық. Дағдыланып қалған әдетiмiзбен бөтелкенi ашуға ыңғайлана бергенде, қайдан келгенi белгiсiз, полицейлер сап ете қалды.

“Мұнда iшуге болмайды, бiздiң заңға қайшылықтар келтiргенiңiз үшiн деп 100 доллар айыппұл төлейсiздер” дедi.

Сасқалақтап қалған Бекмұхамбет: “Жүз долларды төлесек iшуге бола ма?” – дедi, бөтелкеге обалсына қарап.

“Тағы да жүз доллар”, – дедi,– бетi шiмiрiкпеген полицей.

Осылайша, өз шарабымызға өзiмiз екi жүз доллар төлегенiмiз бар. Нiл өзенi оған куә. Шарапты араптар “Омар Хаям” дейдi екен. Қонақ үйдегi тоңазытқышта сыралар мен қатар “Омар Хаямның “ неше түрi толып тұрды. Бағасы удай болған соң оған ешбiрiмiз қол соза қоймадық.

Каир – екi дәуiрдiң өркениетiн қоса дамытып келе жатқан көне қала. Ондағы халықаралық орталық музеймен қатар, ислам және копттардың музейлерi, адам жанынан өзгенiң бәрi бар, сауда нүктелерi, мұнаралары көкке созылған салтанатты мешiттермен қатар, әкiмшiлiк кеңселерi, оқу орындары – бәрi де адамзат баласы үшiн қызмет етедi.

Көптеген музейлердiң негiзгi атрибуттарының бiрi – саркофакта сақталған мумиялар. Ылғи қақталған адамдарды көре беру – кейде көңiлiңдегi жақсы әсерлерден алыстататыны да бар. Орталық музейде тамашалаған патшалардың мумияларын, әсiресе, бойы екi аршыннан асатын Рамсес патшаның мына жатысына қарап, “дүние – жалғанның” рас екендiгiн iштей мойындайсың да. Дүние – дәурен жүрiп тұрған кезiнде жүздеген әйел алып, олардан жүз қырық ұрпақ көрген Рамсес бiр кездерi өзiн жалаңаш жатқан қалпын мыңдаған адам көредi деп, ойлады ма екен?

Бұл ойлар менi ақын ретiнде тебiрентiп мынадай өлең арнауға итермеледi.

Тас табыт. Ағаш табыт. Алтын табыт,

Шығардың тығырықтан халқыңды алып.

Пайдасын тигiзедi мәйiтiң де,

Сақтаған ұрпағына, қалпыңды анық!

Бес мың жыл iлгерiде, бұрын өткен,

Қарайды ел, патшаларға құрметпен.

Көсiлiп Рамсес те жатыр мұнда,

Белгi жоқ, қаһарынан, қыбыр еткен!

Тұрғанбыз өзi жәйлi ақпарланып,

Патшаң жоқ, мына бiздi жатқан танып!

Салынған алтын жүзiк саусақтары,

Жүзiмнiң қабығындай қатпарланып…

Қалпында. Сүйектерi қирамаған,

Шашы да сақталыпты бұйралаған.

Патшаңыз жатыр мұнда жанарының,

Бағыттап, сұр жебесiн тура маған!

Қорықтым. Қорықпауға тырысқанмен,

Қараймын, сабыр сақтап, ұлы ұстаммен.

Көздерi Рамсестiң от шашады

Қойылған ауыстырып хрустальмен!..

Каирдiң оқтай түзу, ауқымды көшелерiнде заманауи машиналар-мерседес, джиптармен қатар есек арба, түйелер мен велосипед жүргiзушiлерi сапырылысып жүр. Қақтығысып, соқтығысып жатқан ешкiмдi көрмедiк. Тәртiптiң аты тәртiп. Бiр ғажабы, үлкен қалада бағдаршам үш-төрт қана жерде. Жаңа некелесiп жатқан жұбайлардың бағдаршамға тағзым ете барғандығын көргенде миға сидыра алмадық. Мүмкiн, өмiр осындай үш түстен тұрады дегенi ме екен, о, тоба!

Жанармай құны мұнда, бiздiң теңгемiзге шаққанда жиырма теңге.

Қала iшiнде құрылысы басталып, аяқталмаған үш-төрт қабатты үйлер көзге жиi шалынады. Төменгi қабатында адамдар кәдiмгiдей тұрып жатыр. Оның мәнi мынада екен.

Араптар әр баласын үйлендiрген сайын өзi тұратын үйдiң бiр қабатын көтеруге құқылы. Балалары заңды некеге тiркелмеген жағдайда қалалық әкiмшiлiк артық үй салуға рұхсат етпейдi екен.

Мысырда жер қат. Мұның бәрi соның көрiнiсi. Қалада iшiнде ескi молалар көптеп кездеседi. Олар қаланың дәл ортасында да тұр. Бiздердегiдей айшықтап өрген кесенелер анадайдан көзге ұрмайды. Өзiмiз жанынан талай өтiп жүрген моланың iшiнен түнге қарай әр-әр жерден көмескi бiлте шамның жарығы көзге түседi.

“Шырақшының” жарығы ма? – деп жолбасшыдан тағы да сұраймын. Сөйтсем, ол жерде iздер-сұрар, жақыны жұрағаты жоқ, бiрақ сол қаланың тұрғылықты тұрғыны болған мүсәпiр адамдарға мола iшiнен орын алып, жеркепе салуына рұқсат берiледi екен. Көз жұмған күнде өз моласы өзiне әзiр.

Аянышты тағдырлар… Бiрақ, капитализм билiк құрған кезеңнiң қашып құтыла алмайтын қатал заңдылығы бұл…

Амал бар ма?..

Бiр сапардың өзi мың-сан әңгiмеге сабақ боларлық. Көргенiң де, бiлгенiң де өз арбаңа салмақ. Естелiктi шиыру алдында, бабамыз Бейбарыс салдырған мешiтке оралдық.

Ескiсi мен жаңасы, жақсысы мен жаманы аралас Мысыр тарихында бiздiң қазақтың қайсар ұлдарының да iзi, iзi емес-ау, атқарған ұлы iсi қалғандығына бүгiнгi күн iштей тебiренемiз, iштей мақтанамыз.

Бiздiң ғасырымызға дейiнгi 1070 жылдары салынған Александрия – жанында бүгiнде Хантбай порты тұр. Хайтбай – Қайтпай қазақ азаматы дейдi тарихшылар. Мәрмәр тастан салынған, көркемделуi мен салыну мәнерi өзiмiздегi Арыстанбаб кесенесiнiң құрылысын көз алдыңа әкеледi. Қысы-жазы ауа қысымы бiр қалыпты сақтайтын бұл тарихи порт әлi күнге күн тәртiбiнен түспей, қызмет етiп келедi.

Мысырдың Мысыр болып қалыптасуына ерекше еңбегi сiңген Мысыр билеушiлерiнiң бiрi, қолбасшы Әл-Салахиддин әмiршiнiң ақылманы болған бiлiмдар Құтiз(Хутуз) да, өз қанымыз. Шекараны бiлмейтiн жаугершiлiк заманында ержүрек қазақтардың басы жауға да, дауға да тiгiлгенi тарих беттерiнен белгiлi.

Каирдiң қақ ортасынан ойып тұрып орын алған Сұлтан Бейбарыс бабмыздың мешiтi – экскурсия бағдарламасына кiрмесе де, өз бетiмiзбен барып тәу етудi жөн көрдiк

Бағдарламаға енбеуiнiң мәнiн ендi ұққандай болдық. Осыдан он ғасырдай бұрын iрге тасы қаланған бұл мешiттiң бүгiнгi көрiнiсi көңiл көншiтпейдi-ақ екен. Сүйегi мықтылығынан ғана ғасырлар салмағына төтеп берiп тұрған мешiттiң iшкi ғибадатханасы кең де жарық. Бiр бұрышына шағын кiтапхана орналасқан. Едендерiне төселген арзан қол кiлемшелер бағзы заманғы шиден тоқылған төсенiштермен араласып жатыр. Әдетте мешiттi жағалайтын мүсәпiрлер тобы да бұл жерден орын теуiптi.

– Өз елiнде құлдыққа сатылып кетсе де, өзге елде сұлтандық дәрежесiне жеткен, ержүрек, батыл да батыр, арқалы арысымыздың әруағынан ұялмайсыздар ма? – дедiм. Мысырдағы қазақ елшiлiгiндегi жiгiттерге.

– Iске кiрiсiп жатырмыз, жақында жөндеу жұмысы қолға алынады, – дедi, – сол жердегi Қазақстанның төтенше әрi өкiлеттi елшiсi Бағдат Әмiреев.

– Екi мемлекет президенттерiнiң келiсiмi бар, – дедi, – ресми қағаздарға сiлтеме жасап, бұл iспен бұрыннан айналысып келемiз.

Тиiстi орындарға жолданған хаттардың көшiрмелерiн қолыма ұстатты.

Мейлi ғой. Жөндеу жұмысы да басталар. Басталар да аяқталар. Ол мешiттiң жөнделiп – жөнделмегенiнен Бейбарыс бабамызға келiп – кетер ештеңе жоқ. Дей тұрсақ та, халық бас сұғатын, Құдайдың жердегi үйi – мешiттiң халық игiлiгiне қызмет жасағанына не жетсiн! Оның үстiне Бейбарыс мешiтiне!

Бабамызға ендiгi тиетiнi – құран бағыштау.

Араб дiндарлары бiрде кезектесiп, бiрде хормен оқыған құранының шапағаты Бейбарысқа тие берсiн дегеннен өзге не демекпiз!

Ханбибi ЕСЕНҚАРАҚЫЗЫ

Редакция таңдауы

125 жыл бұрын төртем тапқан қазақ әйелі

Адам баласының ең басты парызы − дүниеге ұрпақ әкелу. Өйткені адамзаттың тіршілігі солай жалғасады. Осы орайда, қазақ халқының «Байлық − қолда еріген мұз, бала...

Түрікменстаннан 153 қандасымыз Қазақстанға көшіп келді

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Түрікменстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Түрікменстандағы қандастарымыз атамекен Қазақстанға көшіп келді. Мемлекеттік органдар құжат, көлік мәселелір шешіп, барлығы 153 азаматты,...

Қырғыздар Мұқағалиға құрмет көрсетті

22 ақпанда Бішкекте, Алықұл Осмонов атындағы ­­Қырғыз Республикасы Ұлттық кітапханасын­дағы Абай атындағы қырғыз-қазақ мәдени орталы­ғында Мұқағали Мақатаевтың 90 жыл­дығына арналған «Ең бірінші бақытым –...

Депутаттарды қайта оқыту неге керек?

Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев Мәжіліс отырысында «Қазақ­стан Республикасының кейбір заң­на­малық актілеріне аудандық, қалалық жә­не ауылдық билік деңгейлерінің дер­бестігі мен жауапкершілігін кеңейту мә­селелері бойынша...
bokeyhanov

Ресейдегі Әлихан Бөкейханов зиратына гүл шоқтары қойылды

 1 наурызда еліміз Алғыс айту күнін атап өтті. Мереке идеясы Тұңғыш Президент...
b82823979835ab999891bb174862f8e2

Әлемдегі барлық миллиардерлердің саны анықталды

Hurun Research Institute зерттеуіне сүйенсек, әлемдегі миллиардерлердің саны 3228-ге жеткен. Зерттеушілердің сөзінше,...
photo 60743

Қытай 15 жылда елімізге 19,2 миллиард доллар инвестиция құйған

2020 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы 4%-ға өсіп, 15,4 миллиард...

Жаңалықтар

Ресейдегі Әлихан Бөкейханов зиратына гүл шоқтары қойылды

 1 наурызда еліміз Алғыс айту күнін атап өтті. Мереке идеясы Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа тиесілі және Қазақстанда тұратын барлық этностар бір-біріне және...

Әлемдегі барлық миллиардерлердің саны анықталды

Hurun Research Institute зерттеуіне сүйенсек, әлемдегі миллиардерлердің саны 3228-ге жеткен. Зерттеушілердің сөзінше, бұл — рекордты көрсеткіш.  15 қаңтардағы жағдай бойынша планетадағы ең бай адамдардың жиынтық...

Қытай 15 жылда елімізге 19,2 миллиард доллар инвестиция құйған

2020 жылы Қазақстан мен Қытай арасындағы сауда айналымы 4%-ға өсіп, 15,4 миллиард доллар болған. Бұл туралы ҚР сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев айтты,...

Аязда үсіп өлген 5 жасар бала қайтыс болар алдында зорланған

Ресейдің Саратов облысының Вольск қаласында көшеде өлі күйінде табылған бес жасар бала қайтыс болғанға дейін зорланған. Бұл туралы Life Shot Telegram-арнасына сілтеме жасап Lenta.ru...

Елбасы Қырғызстан басшысымен кездесті

Келіссөз басталар алдында Елбасы мен Қырғыз Республикасының Президенті Назарбаев орталығындағы экспозицияларды аралап көрді, деп хабарлайды Elbasy.kz.  Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Садыр Жапаровты Қырғызстан Президенті болып...

Байқоңырдан Ресейдің құпия құрылғылары ұрланды

Белгісіз біреулер Байқоңыр ғарыш айлағынан Ресейдің құпия электроникасын ұрлап кеткен. Бұл туралы  "112" Telegram-арнасына сілтеме жасап Lenta.ru хабарлады.  Арнаның мәліметінше, 1988 жылы "Буран" ғарыш кемесімен...

Психолог 8 наурызда аруларға сыйланатын ең сәтсіз сыйлықтарды атады

Психология ғылымдарының кандидаты Юлия Кочетова 8 наурызда әйелдерге cыйланатын ең сәтсіз сыйлықтардың тізімін жасады, деп хабарлайды "Москва" жаңалықтар агенттігі.  Маманның айтуынша, ең жауыр болған сыйлық...

Балалар құқығын қорғау туралы заң: 3 кодекске 35 түзету енгізілмек

Құжатты саралайтын жаңа жұмыс тобының құрамында 65 адам бар. Парламент мәжілісінің депутаты Динара Закиева қоғамда қызу талқыға түскен балалар құқығын қорғау бойынша заңнамалық актілерге...

Белгісіз коллекционер Черчилльдің суретін рекордтық бағаға сатып алды

Анджелина Джоли Ұлыбританияның бұрынғы премьер-министрі Уинстон Черчилль салған "Кутубия мешітінің мұнарасы" картинасын рекордтық бағаға сатты. Белгісіз коллекционер картина үшін 8,2 миллион фунт стерлинг төлеген,...

Зеленский үндістандық вакцинаны салдырды

Украина президенті Владимир Зеленский Донбассқа сапары кезінде коронавирусқа қарсы вакцина алды. Вакцинация Үндістанда өндірілген Covishield препаратымен жүргізілді, деп хабарлайды korrespondent.net. Президент Жоғары бас қолбасшы ретінде вакцинаны...

Головкин vs Мунгия: Жекпе-жек қашан өтетіні белгілі болды

Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО) орта салмақтағы IBF тұжырымы бойынша әлем чемпионы (әлі IBO титулына ие) титулын мексикалық боксшы Хайме Мунгияға (36-0, 29 КО)...

Ата-анасы жұмысқа кеткен: өрттен 5 жасар бала қаза болды

Солтүстік Қазақстан облысы Аққайың ауданында өрттен бала қаза тапты. Бұл кезде ата-анасы үйде болмаған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. ТЖД өкілдері бала Аққайың ауданы Новороссийск ауылында қаза...

“Ұлытау” тобы АҚШ-та өткен халықаралық байқауда жеңіске жетті

Қазақстандық "Ұлытау" этно-рок тобы Лос-Анджелесте өткен халықаралық байқаудың жеңімпазы атанды, оған әлемнің 83 елінен қатысушылар келген. Бұл туралы Алматының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингіде топ...

Дәрігерлер карантиндік шектеулерді күшейтуді талап етті

Бразилиялық дәрігер ел билігінен коронавирусқа қарсы шектеу шараларын күшейтуді талап етті, деп хабарлайды РИА Новости.  Ел ауруханаларында орын жоқ, науқастар ем алу үшін кезек күтуге...

Биыл магистранттар шетелде тәжірибеден өте ала ма?

Бүгінде қазақстандық магистранттар COVID-19 пандемиясына байланысты шетелде тағылымдамадан өте алмай отыр. Әлемде және Қазақстанда коронавирус жұқтыру дерегі азайса, магистранттарды шетелге тағылымдамаға жіберу мәселесі қаралады....

Ақтөбе қаласы әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Президент әкімшілігінің​ келісімімен өңір басшысының өкімімен​ Ақтөбе облысы​ әкімінің орынбасары болып Ермек Кенжеханұлы тағайындалды. Бұл туралы Ақтөбе облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Ермек Кенжеханұлы...

ТЖМ Алматы тұрғындарына үндеу жасады

Сел ұстайтын бөгеттер құрылысына байланысты Үлкен Алматы шатқалына баруға шектеу енгізіледі. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильин мәлімдеді. «Қар мен ылғал қорының жиналуы...

Жасөспірімдерді тәртіпке шақырмақ болған алматылық полицей құрылысы бітпеген үйден құлап кетті

Алматыда полиция қызметкері қараусыз қалған құрылыс нысанынан құлап, жарақат алды. Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Алатау ауданының ювеналды полиция қызметкері құрылысы бітпеген көпқабатты үйдің төбесіне...

Аралас оқу форматы: Оқушылар мектеп формасын киюге міндеттеле ме?

Оқушылардың аралас форматқа ауысуына байланысты мектеп формасын сатып алудың қажеті жоқ.  Бұл туралы Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мәлімдеді.  «Оқушының ауырып қалуы немесе науқас...

Жамбыл облыстық Ішкі саясат басқармасының басшысы тағайындалды

Жамбыл облысы әкімінің өкімімен облыс әкімдігі Ішкі саясат басқармасының басшысы болып Бейқұт Жамангозов тағайындалды. Бұл туралы Жамбыл облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Бейқұт Тілебалдыұлы 1969...

2 наурыз еліміздің тарихында қандай айтулы оқиғалармен есте қалды?

2 наурыз күні әр жылдары еліміздің тарихында бірқатар маңызды оқиғалар орын алды. 1992 жылы 2 наурызда БҰҰ Бас Ассамблеясының 46-шы сессиясының пленарлық мәжілісінде Қазақстан Республикасы...

Горбачев өмір сүру ұзақтығы жөнінен кеңестік көшбасшылар арасында рекорд орнатты

КСРО-ның бұрынғы президенті Михаил Горбачев кеңестік көшбасшылар арасында өмір сүру ұзақтығы бойынша рекорд орнатты. Бұл туралы Кремль пулының журналисі Дмитрий Смирнов өзінің "№3 пул"...

Қасым-Жомарт Тоқаев Садыр Жапаровпен шағын құрамда келіссөздер өткізді

Ақорда резиденциясында Қырғыз Президенті Садыр Жапаровты салтанатты қарсы алу рәсімі өтті. Екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалғаннан кейін Құрмет қарауылы ротасының бастығы Қазақстан мен Қырғызстан...

Жастарға ауыл шаруашылығы саласындағы жобаларды іске асыруға гранттар берілмек

Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров агроөнеркәсіптік кешенді қолдау іс-шараларының бірыңғай электрондық ресурсы құрылады. «Агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін қаржыландырудың қолжетімділігін арттыру мақсатында салалық мемлекеттік қолдау...

Еліміздегі сұранысқа ие әлеуметтік желілердің тізімі жарияланды

Қазақстанда ең танымал әлеуметтік желілер белгілі болды, – деп жазды Ranking.kz. Statcounter Global Stats мәліметінше, 2021 жылдың қаңтарында әлемдегі ең танымал әлеуметтік желі Facebook атанды,...

Мәулен Әшімбаев: Ұлтқа адал еңбек етудің озық үлгісін көрсеткен текті азамат

Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаев көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері, ғалым, академик, техника ғылымдарының докторы Өмірбек Жолдасбеков туралы фейсбуктегі парағында өз пікірін жазды. Онда...

Президент жанындағы ҚСЗИ-да Әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің басшысы тағайындалды

2021 жылдың 1 наурызында ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры Зарема Шаукенова ұжымға ҚР Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің жаңа басшысын...

29 жыл бұрын Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше болды

1992 жылдың 2 наурызы Қазақстан тәуелсіздігін дүниежүзілік қоғамдастық мойындаған ел тарихындағы маңызды оқиғаға толы күн. 29 жыл бұрын Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына 168-ші мүше-мемлекет...

Қырғызстан Президенті мемлекеттік сапармен Нұр-Сұлтан қаласына келді

Қырғыз Республикасының Президенті Садыр Жапаров мемлекеттік сапармен Нұр-Сұлтан қаласына келді. Бұл туралы ҚР СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

Алдағы бес жылда ауыл халқына 250 млрд теңгенің несиесі беріледі

2025 жылға дейін 50 мың микрокредит беру көзделген. Былтыр ауылға берілген шағын несиелер есебінен 11 мың жұмыс орны ашылған, деп хабарлайды Inbusiness.kz.  Үкімет отырысында агроөнеркәсіп...

Павлодарда пара алды деген күдікпен ҚТЖ филиалының басшысы ұсталды

Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті қызметтегі «қамқорлығы» үшін жүйелі түрде заңсыз сыйақы алды деген күдікпен «ҚТЖ ҰК» АҚ Павлодар облысы бойынша филиалының басшысын ұстады. Ол...

Жапонияда коронавирустың британдық штамы тарап жатыр

Жапонияның батысындағы Кобе қаласының билігі бұл аймақта вирус жұқтырғандардың арасында коронавирустың жаңа британдық штамын жұқтырғандар саны көбейгенін хабарлады. ҚазАқпараттың NHK телеарнасына сілтеме жасап жазуынша, ақпанның...

«Дарындылар пулы»: электронды үкіметтің кадр резервіне өтінім қабылдау басталды

«Азаматтарға арналған үкімет» корпорациясының «Дарындылар пулына» өтінім қабылдау басталды.  Корпорацияның кадр резервіне өтініш бергісі келетін үміткерлерге talent.gov4c.kz сайтында тіркеуден өту қажет. Өтінім беру кезінде жүйеде...

Сауд Арабиясы вакцина салдырған келушілерді ғана қажылыққа қабылдайды

Мұсылман қажылары жаңа коронавирусқа қарсы вакцинациядан кейін ғана Мекке мен Мединедегі қасиетті орындарға үлкен және кіші қажылыққа бара алады. Мұндай шешімді Сауд Арабиясы билігі...

Қазақстанда коронавирус жұқтырғандар саны 214 мыңнан асты

Қазақстанда өткен тәулікте 658 адамда коронавирус расталды, – деп хабарлады coronavirus2020.kz. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 65 Алматы қаласы - 102 Шымкент қаласы - 17 Ақмола облысы -...

Бүгін еліміздің басым бөлігінде қар жауады – Қазгидромет

2 наурыз күні солтүстік-батыс циклонымен байланысқан атмосфералық ауа ағыны әсерінен еліміздің басым бөлігінде қар мен жаңбыр жауады, кей жерде тұман, көктайғақ, бұрқасын, желдің күшейюі...

21 миллион VPN қолданушысының жеке дерегі сатылымға шықты

Android операциялық жүйесіне арналған тегін VPN қызметтерінің 21 миллион қолданушысының жеке деректері Желіде сатылымға шықты, - деп хабарлайды Сyber News сайтына сілтеме жасап. Танымал хакерлік форумның...

Францияның экс-президенті үш жылға бас бостандығынан айырылды

Францияның экс-президенті Николя Саркози үш жылға бас бостандығынан айырылды, оның ішінде бір жыл нақты қамауда болады. Сот оны сыбайлас жемқорлыққа қатысы бар деп тапты.

Еуроодақ Ресейге қарсы санкцияны мақұлдады

Еуроодаққа мүше 27 елдің елшілері ресейлік оппозиционер Алексей Навальныйға байланысты Ресейге қарсы санкцияны мақұлдады, деп хабарлайды Inbusiness.kz порталы РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап. Агенттіктің...

БҒМ 1 наурыздан бастап мектептерде сабақ қалай өтетінін түсіндірді

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова 1 наурыздан бастап мектептердегі рұқсат етілген аралас форматта оқыту барысын түсіндірді. Вице-министр Facebook-тегі парақшасында 1 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының...

Алматыда коронавируспен күрескен дәрігерлердің құрметіне ескерткіш қойылады

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Instagram парақшасында бұл ескерткіш медицина қызметкерлеріне деген алғыстың символына айналатынын атап өтті. «Бүгін Алматының медицина мен жазушылар қауымдастығының өкілдерімен дәрігерлерге арналған...

Пандемия: кәсіпкерлер үшін салықты есептеу жеңілдетілді

Қазақстандық кәсіпкерлер үшін салықты есептеу жеңілдетілді және кейбір төлемдер алынып тасталды. Пандемиядан зардап шеккен секторларда жұмыс істейтін кәсіпкерлер үшін жаңа бөлшек салықтың арнаулы салық режимі...

Түркістан өңірінде 100-ге жуық белсенді «Nur Otan» партиясы қатарына қабылданды

Бүгін Түркістанда 1 наурыз – Партия күніне орай, бірқатар азаматты «Nur Otan» партиясына қабылдау іс-шарасы өтті. Жиында «Nur Otan» партиясы Түркістан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бейсен...

Алматыда ойын-сауық орталығында ата-аналар төбелесті

Әлеуметтік желіде Алматыдағы сауда орталықтарының бірінде болған төбелестің видеосы тарады. Полиция департаменті оқиғаға қатысты түсініктеме берді. Видео кадрларынан төбелестің балалар ойын алаңында болғанын байқауға болады....

Наурыз айында күн райы қандай болады?

Еліміздің көптеген аймақтарында күнтізбелік көктем белгіленген мерзімде келеді. Бұл туралы «Қазгидромет» орталығы мәлімдеді.  Консультативтік болжамға сәйкес 2021 жылғы наурызда Қазақстан Республикасының басым бөлігінде циклондардың өтуімен және...

Таразда Алғыс айту күніне орай 1000 түп ағаш көшеті отырғызылды

Алғыс айту күніне орай былтыр ғана облыс орталығында бой көтерген «Қазақ халқына мың алғыс» монументінің маңында мерекелік шаралар ұйымдастырылды. Онда қалалық зиялы қауым өкілдері,...

Қызылордада үйі өртеніп, нәрестесі қаза болған отбасыға баспана берілді

Қызылордада үйі өртеніп, нәрестесі қаза болған Текебаевтар отбасына жаңа баспана берілді. Oқиға биыл 18 ақпанында облыс орталығындағы Әл-Фараби мөлтек ауданында орын алды. Оқиға орнына шұғыл жеткен...

Алматыда КамАЗ көлігі жер астына түсіп кетті

Алматыда КамАЗ жүк көлігі жер астына түсіп кетті. Оқиғаның видеосын куәгерлер таратты, ал дәрігерлер көлік жүргізушісі жарақат алғанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Әлеуметтік желілерде...

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ. Адамға алғыс айтқанымыз – Аллаға шүкір еткеніміз

Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Аллаға мадақ, пайғамбарға салауаттар болсын! Елімізде шуақты көктемнің алғашқы күні алғыс айту мерекесімен басталады. Баршаңызды бірлік пен мейірімге...

Асқар Мамин «Роскосмос» басшысы Дмитрий Рогозинмен кездесті

Премьер-Министр Асқар Мамин «Роскосмос» ғарыш қызметі жөніндегі мемлекеттік корпорациясының бас директоры Дмитрий Рогозинді қабылдады, – деп хабарлады primeminister. Тараптар ғарыш саласындағы Қазақстан – Ресей ынтымақтастығының...

«Nur Otan» партиясының жанынан 9 жаңа қоғамдық кеңес құрылады

Осылайша, олардың жалпы саны 14-ке жетті, – деп хабарлады партияның баспасөз қызметі. «Nur Otan» партиясының Лидері, Елбасы Н.Назарбаевтың партияның «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір!»...

Талдықорған қаласына жаңа әкім тағайындалды

Алматы облысы әкімінің өкімімен Жасыбаев Ержан Бәкірбайұлы Талдықорған қаласының әкімі болып тағайындалды. Бұл туралы Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады. Ержан Бәкірбайұлы Жасыбаев 1965 жылы...

Белгілі әнші Индира Еділбаева «Nur Otan» партиясын таңдады

«Nur Otan»-ның құрылғанына 22 жыл толуына орай, партияның Алматы қалалық филиалы белсенді және жігерлі алматылықтармен толықты. Партияның жаңа өкілдері қатарында денсаулық сақтау, мәдениет және...

Әуе компанияларының табысы 41% азайды

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі әуе компанияларының жылдық табысы 41% төмендегенін, ал жолаушылар тасымалы қызметі 6 пайызға арзандағанын хабарлады. Биыл қаңтарда еліміздің әуе компанияларының кірісі...

Белгілі журналистің еміне қаржы жиналуда

Бүгін «Қазақстан» телерадиокорпорациясы «Мың алғыс» қайырымдылық телемарафонын өткізеді. Шараның негізгі мақсаты – көмекке мұқтаж жандарға көпшіліктің атсалысуымен қолұшын созу, мейірімділікті, қайырымдылықты насихаттау, қайырымды жандарға алғыс...

Атырау дәрігерлері Алғыс айту күніне орай челлендж бастады

«Мерекелік шараға өңірдегі 35 медициналық ұйымның қызметкерлері қатысты»,-деп хабарлайды Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. «Туған елге мың алғыс!» челленджі өңірде бір апта бұрын...

Дәрігерлердің жалақысы 561 мың теңгеге жетеді – министр

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой 2023 жылы дәрігерлердің жалақысы 561 мың теңгеге жететінін айтты. Ведомство басшысы Президенттің биылдан бастап дәрігерлердің жалақысын кезең-кезеңімен көтеру міндетін қойғанын...

Әлем тұрғындарының қанша пайызында коронавирусқа қарсы антидене бар екені анықталды

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының бас ғылыми қызметкері Сумия Сваминатан Жер бетіндегі тұрғындардың қанша пайызында коронавирусқа қарсы антидене бар екенін айтты, деп хабарлайды РИА Новости.  Ұйым...

Әлемдік ақпарат кеңістігіндегі Қазақстан имиджі

Ақпарат кеңістігінде мемлекеттің имиджі мен медиаобразын жасау – дамушы елдердің алдында тұрған күрделі міндеттердің бірі. Қазақстан тәуелсіздік алған 30 жыл ішінде дүние жүзінің алпауыт...

Қазақстанда мерзімді әскери қызметке шақыру басталды

Осы көктемде 13 500-ден астам 18-27 жас аралығындағы мерзімді қызметтегі әскери қызметші ел Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының қатарын толықтырады. Қорғаныс ведомствосы...

ҚазҰУ ректоры француз ғалымдарына бірлескен археологиялық зерттеулер жасауды ұсынды

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Жансейт Түймебаев Қазақстандағы Франция Республикасының Төтенше және Өкілетті елшісі Дидье Канеспен кездесіп, ғылым-білім  және мәдени бағыттар бойынша өзара ынтымақтастықты тереңдету...

Ресейдің ең бай депутаты қамауға алынды

Ресейдің Сахалин облыстық Думасының миллиардер депутаты Дмитрий Пашов қамауға алынды, деп хабарлайды РИА Новости.  Сот оған екі ай мерзімге қамауға алу түріндегі бұлтартпау шарасын қолдану...

«Борат 2» ең үздік комедия ретінде «Алтын глобус» лауреаты атанды

Лос-Анджелес пен Нью-Йоркте кино және теледидар саласындағы "Алтын глобус" сыйлығының 78-ші марапаттау рәсімі өтті. Коронавирус пандемиясына байланысты марапаттау тарихта алғаш рет виртуалды форматта өтті.  Ең...

Түркістандағы қайғылы оқиғаға қатысты алғашқы мәліметтер жарияланды

Түркістан қаласында орын алған қайғылы жағдайдың себебін анықтау үшін құзырлы органдардан құрылған топ болған жайтты жан-жақты тексеріп жатыр. Орын алған оқиғаның мән-жайын анықтаумен айналысатын...

15 жыл бойы қос азаматтығын жасырып келген павлодарлық жазаланды

Қос азаматтығын жасырып келген Павлодар облысы Железинка ауданының тұрғыны айыппұл арқалады, деп хабарлайды Pavlodarnews.kz. Аудандық соттың баспасөз қызметінің мәліметінше, Железинка аудандық полиция бөлімінің көші-қон қызметінің...

Бұл – қазақ халқының шексіз дархандығының жарқын үлгісі.

Джамалайл ЭЛИМХАНОВ, «Емир-Ойл» ЖШС басқарма басшысы: Қазақстан Тәуелсіздік алған сәттен бастап Тұңғыш Президентіміз Н.Назарбаев әрбір азаматтың өз Отанында қауіпсіз және жарқын өмір сүруі үшін және...

COVID-19: Елорда «сары» аймаққа енді

ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия 2021 жылдың 1 наурызы күнгі қазақстан амақтарындағы эпидемиялық жағдайды бағалау матрициасын жариялады. Бұл туралы...

Бүгін «Nur Otan» партиясының құрылғанына 22 жыл толды

Бүгін «Nur Otan» партиясының құрылғанына 22 жыл толды. Партияның құрылуы мен қалыптасу тарихы Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тығыз байланысты. 1998 жылғы 21 қазанда Қазақстан...

ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің жаңа орынбасары тағайындалды

ҚР Үкіметінің қаулысымен Ержан Ерікұлы Біржанов ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі хабарлады. Ержан Біржанов 1979 жылы Солтүстік...

Алматы түрмесінен қашқан сотталушы Ақтөбеде ұсталды

Алматыдағы бас бостандығынан айыру орындарының бірінен қашып шыққан адам Ақтөбеде қолға түсті, деп хабарлайды ҚР Ішкі істер министрлігі Қылмыстық атқару жүйесі комитетінің баспасөз қызметі. «Алматы...

«Nur Otan» қатары жаңа мүшелермен толықты

Партияның 22 жылдық мерейтойы қарсаңында «Nur Otan» облыстық филиалында салтанатты түрде партия билеттері табыс етілді. Партияның аймақтық филиалының төрағасы, облыс әкімі Әбілқайыр Сқақов партия...

«Тұмар-2021» ұлттық телевизиялық байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Бүгіннен бастап tvtumar.kz сайтында «Тұмар-2021» ұлттық сыйлығын алуға өтінімдер қабылдау басталды. Сыйлыққа 2020 жылы қазақстандық телеарналардың эфиріне шыққан телевизиялық жобалар қатыса алады. Өтінімдерді республикалық және...

Америкалық телеарна Трамптың саяси жоспарларын ашты

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп елде жаңа партия құру мүмкіндігін қарастырмайтынын жариялайды. Оның саяси жоспарларын американдық Fox News телеарнасы ашты. "Біз жаңа партиялар құрмаймыз және...

Президент: Біртұтас және еңбекқор ұлт болсақ, көздеген мақсаттарымызға жетеміз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады. «Құрметті отандастар! Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын! Елбасы 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында жариялаған осы...

Ақтауда жәндіктерді уламақ болған әйел көршісі мен оның 10 айлық сәбиін өлтірді

Пәтердегі жәндіктерді уламақ болған Ақтау тұрғыны көршісі мен оның 10 айлық сәбиін өлтіріп қойды. Бұл туралы Қоғамдық коммуникациялар орталығына сілтеме жасап Lada.kz хабарлады.  Зарарсыздандыру құралынан...

Елбасы қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды Elbasy.kz. Қымбатты отандастар! Алғыс айту күні Қазақстан халқының бірлігін паш етеді,...

2020 жылдың ең танымал құпиясөздері анықталды

2020 жылы қандай құпиясөздер жиі қолданылды? Бұл сауалға DLBI деректер ағынын барлау қызметін жасаған зерттеуге сілтеме жасай отырып "Известия" басылымы жауап берді.  Рейтинг көшбасшысы тағы...

Жел, көктайғақ: Еліміздің 9 өңірінде ескерту жарияланды

1 наурызда елорда мен 8 өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды "Қазгидромет". 1 наурызда Нұр-Сұлтан қаласында жел, көктайғақ болады. Оңтүстік - батыстан соққан...

1 наурыз: Атаулы күндер мен оқиғалар

Бүгін – елімізде Алғыс айту күні. Бұл мереке  ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың 2016 жылғы 14 қаңтардағы Жарлығымен бекітілген. 1995 жылдың 1 наурызында елімізде...

125 жыл бұрын төртем тапқан қазақ әйелі

Адам баласының ең басты парызы − дүниеге ұрпақ әкелу. Өйткені адамзаттың тіршілігі солай жалғасады. Осы орайда, қазақ халқының «Байлық − қолда еріген мұз, бала...

Бүгін – Жамбыл Жабаев дүниеге келген күн

Бұдан 175 жыл бұрын 99 жасына дейін жүрегінен жыр төгілген ақын,  дүлдүл жырау, жүйрік жыршы, КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты Жамбыл ЖАБАЕВ (1846-1945)  дүниеге келді. Ол...

NASA Марстың алғашқы панорамасын жариялады

АҚШ-тың Ұлттық аэронавтика және ғарыш басқармасы (NASA) Ровер Perseverance түсірген Марстың алғашқы панорамалық суреттерін жариялады. NASA алдағы апталарда көптеген қызықты суреттері жариялайтынын мәлімдеді.  

Қожа Ахмет Ясауидің мөрі мен шежіресі табылды

«ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-музейі ұйымдастырған «Ясауи ізімен» ғылыми-экспедициясы аясында Өзбекстан Республикасының Наманган қаласынан Қожа Ахмет Ясауи шежіресінің бір...

Түрікменстаннан 153 қандасымыз Қазақстанға көшіп келді

ҚР Сыртқы істер министрлігі мен Қазақстанның Түрікменстандағы Елшілігінің ұйымдастыруымен Түрікменстандағы қандастарымыз атамекен Қазақстанға көшіп келді. Мемлекеттік органдар құжат, көлік мәселелір шешіп, барлығы 153 азаматты,...

«Наконец-то» Бекшин алматылықтарға үндеу жасады

Алматы қаласының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин наурыздағы мерекелер алдында қала тұрғындарына үндеу жасады, - деп хабарлайды өңірлік СЭБД баспасөз қызметі. Бекшин үндеуінде алматылықтардан...

Армениядан жеткізілген көліктердің тіркеу мерзімі ұзартыла ма?

Қазақстанға Армениядан жеткізілген көліктерді тіркеу мерзімі 1 наурызға дейін ұзарды, - деп хабарлайды Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі. ІІМ мәліметінше, Қазақстанда 2020 жылдың 1 ақпанына...

Ақпарат министрі кәсіби журналистиканы дамыту туралы жоспарын айтты

Еліміздің жоғары оқу орындарындағы журналистика факультеттерінің оқу бағдарламалары зерделенеді. Бұл туралы ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева inbusiness.kz сайтына берген сұхбатында айтты. Министрдің айтуынша, қоғамдық...

Қытай келісімдерді елемей, қазақ пойыздары қараусыз қалып жатыр

"Жүк жөнелтушілердің бастамасымен Қытайға тауарларды қабылдауға уақытша тыйым салу енгізілді", – деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы (ҰК)»АҚ баспасөз қызметі. «ҚХР-мен шекарадағы бекеттерде жағдай...

Ресейде тіркелген көліктер Қазақстанда жүре алмай ма?

  Әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде Қазақстанның Бас прокуратурасы атынан жалған бұйрық таратылған деп хабарлайды  тengrinews.kz сайты. Аталған «құжатта» Ресейде тіркелген автокөлік иелеріне Қазақстан аумағында жалпы сенімхатсыз...

ЕСКІ ЖАРАНЫҢ АУЗЫН ТЫРНАУ ЕСТІНІҢ ІСІ МЕ…

Адам баласы туғанда бір-бірінен артық-кемі жоқ қызыл шақа болса да, өсе келе олардың бәрі өз бетінше өзгеріп, даралана бастайды. Өйткені уақыт ағымындағы түрлі әсерлер...

Елімізге Түрікменстаннан 153 қандасымыз көшіп келді

Бүгін Түрікменстан Республикасынан 153 қандасымыз тарихи Отанына көшіп келді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz. 2020 жылы әлемде орын алған пандемияға байланысты елімізде көшіп–қонушылар ағыны кейінге қалдырылған болатын....

Қасым-Жомарт Тоқаев Режеп Таиип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Таиип Ердоғанға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президенті Режеп Таиип...

Мәди Манатбек жаңа қызметке тағайындалды

Шымкент қаласы әкімінің өкімімен Ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасының басшысы міндетін атқарушы болып Мәди Манатбекұлы тағайындалды. Мәди Манатбекұлы 1978 жылы 25 мамырда дүниеге...

Бас прокуратура үндеу жариялады

Әлеуметтік желіде жекелеген тұлғалар елдің әртүрлі аймақтарында заңсыз митингіге   шақырып жатыр. Осыған байланысты ҚР Бас прокурорының орысбасары Б.Б. Дембаев үндеу жариялады. Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының...

Вице-министрдің не үшін қамалғаны белгілі болды

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Сәкен Мұсайбековтің ұсталуына қатысты түсінік берді. «Мәдениет және спорт вице-министріне қатысты сотқа дейінгі тергеу...

Елбасы Түркия президентін құттықтады

Қазақстанның Тұңғыш Президенті Түркия Республикасының Президенті Режеп Тайип Ердоғанмен телефон арқылы сөйлесті, деп хабарлайды Elbasy.kz.  Әңгіме барысында Елбасы Режеп Тайип Ердоғанды туған күнімен құттықтап, зор...

Полиция қызметкерлері жүкті әйелді автокөлікте босандырып алды

Батыс Қазақстан облысында полиция қызметкерлері келіншекті автокөлікте босандырып алды. БҚО полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 26 ақпанға қараған түні Самара-Шымкент автожолы...

Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойы басталды

Бүгін жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдық мерейтойын республика көлемінде ресми түрде мерекелеу басталды. ҚР Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев елордадағы Жамбыл ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, Қ.Қуанышбаев атындағы...

COVID-19: Әлемде екпе салдырғандар саны індет жұқтырғандардан екі есе көп

Әлемде коронавирусқа қарсы екпе алған адамдардың саны пандемия басталғалы індет жұқтырғандардың жалпы санынан екі есе көп, деп хабарлайды ТАСС.  Қазіргі уақытта шамамен 227 миллион адам...