ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ АПТАЛЫҚТЫҢ АЙШЫҚТАРЫ

ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ АПТАЛЫҚТЫҢ АЙШЫҚТАРЫ

ЭНЕРГЕТИКАЛЫҚ АПТАЛЫҚТЫҢ АЙШЫҚТАРЫ
ашық дереккөзі

Астана қаласында қазақстандық мұнай-газ саласының 110 жылдығына орай ұйымдастырылған қазақстандық энергетика апталығы өтiп жатыр. Энергетикалық апталықтың үшiншi күнiндегi негiзгi оқиға қазақстандық Мұнай көрмесiнiң ашылуы болды. Оған әлемнiң 11-ден 50 экспонент қойылды.

Қазақстандық энергетикалық апталықтың ең негiзгi шарасы 24-25 қыркүйек аралығында өтетiн 4-шi Kazenergy Еуразиялық энергетикалық форумы болмақ. Елiмiздiң астанасында өтетiн жаһандық энергетикалық бұл жиынға Nord Stream AG акционерлер комитетiнiң төрағасы, Германияның 33-шi канцлерi Герхард Шредер, АҚШ-тың 46-шы вице-президентi Ричард Чейни, Бүкiлдүниежүзiлiк мұнай кеңесiнiң президентi Рандал Госсен, Бүкiлдүниежүзiлiк энергетикалық кеңестiң аймақтық менеджерi Слав Славов және басқа да әлемдiк энергетикалық саланың белгiлi мамандары қатысады.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев “Нұр Отан” ХДП ХII съезiнде атап көрсеткендей, елiмiздi индустрияландыру мақсатында және дағдарысқа қарсы iс-қимыл шараларының ойдағыдай жүзеге асырылуында мұнай-газ, электр энергетикасы және атом өнеркәсiбi салалары негiзгi тұғыр болмақ. Мiне, осыған байланысты басталып отырған энергетикалық апталықтың елiмiздiң осы бiр өндiрiстiк саласын дамытуда ерекше зор маңызы бар екендiгi даусыз. Форумға қатысушы сарапшылардың айтуынша, мұнай-газ өндiру саласын дамытудың 110 жылдық белесiне шығып отырған Қазақстан Еуразиялық құрлықтың энергетикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз етуде шешушi рөл атқарады. Сондықтан да әлемдiк мұнай-газ өндiрушiлердiң 4-шi Kazenergy Еуразиялық энергетикалық форумына деген қызығушылығы да ерекше. — Бiз әлемдiк энергетикалық рыноктың iрi ойыншылары және державаларымен дағдарыстан кейiнгi әлемдiк экономиканың архитектурасын жасау мақсатында жан-жақты пiкiр алысамыз. Қазақстан энергетикалық шикiзат өндiрушi iрi держава ретiнде бұл мәселеде шешушi ықпал жасайды, — дедi Kazenergy қауымдастығының бас директоры Жанболат Сәрсенов.

Энергетикалық апталықта энергетикалық салаға арналған бiлiм мен тәжiрибедегi мемлекеттiк саясат, iшкi еңбек рыногын қолдау шаралары, кадрлар дайындау жөнiндегi ағарту бағдарламаларын қолдаудағы компаниялардың қызметтерi деген тақырыптарда баяндамалар жасалды. Конференция аясында “Kazenergy” энергетика және мұнай-газ кешенi ұйымдарының қазақстандық қауымдастығы, ҚР Бiлiм және ғылым министрлiгi мен ҚР Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгi арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Энергетикалық аптаның үшiншi күнi түрлi шараларға толы болды. Kazakhstan Energy Week үшiншi күнi “дөңгелек үстел” ұйымдастырылып, “Қазақстан және өңдеушi салалардың мөлдiрлiк бастамасы” және “Табиғат байлағын пайдалану қызметiн реттеудегi заңнамалық бастамалар” атты тақырыпта өрбiдi.

“ҚазМұнайГаз” ұлттық компаниясы ұйымдастырған қазақ мұнайының 110-жылдығына арналған фотокөрме аясында Республикадағы үздiк мұнай компаниялары мен мамандарына “Алтын Прометей” Сыйын табыстау салтанаты болды. Бұл сый “Үздiк инновациялық бағдарлама”, “Үздiк әлеуметтiк бағдарлама” “Үздiк экологиялық бағдарлама”, “Жыл үздiгi”, “Жыл маманы – кәсiпқой тәжiрибешi”, “Жыл маманы – Ғалым-ұстаз”, “Жыл мерейтойы”, “Жыл тұлғасы” секiлдi номинациялар бойынша анықталды.

Форумның Бас Демеушiсi “Тенгизшевройл” ЖШС

СЕРIКТЕСТЕР

KazMunaiGaz, Baikonur Machinary Group, BG International Ltd (Kazakhstan), ExxonMobil Kazakhstan Inc., Honeywell, NCOC, Repsol Exploration Kazakhstan, S.A., Shell Kazakhstan Development B.V., Weatherford International Ltd., ConocoPhillips, KPO B.V. Total E&P Kazakhstan, Central Asia Swiss, Lukoil Overseas Service Ltd.

Аптаның бас ақпараттық серiктестерi

“Интерфакс-Қазақстан” ақпараттық агенттiгi, Астана қаласының теледидары

Аптаның ақпараттық серiктестерi

“Хабар” Агенттiгi” АҚ, Қазақстан ҰТА, “Казахстанская правда”, Каспианет, Панорама Республикалық газеттерi, Қазақ радиосы, Астана радиосы, 101.4 FM, “Известия-Казахстан” ЖШС, Түркiстан, Литер, Айкын, Нұр Астана, Радио деловая волна, Радио НС 105.9 FM, Страна и мир, “Дала мен қала”, Интерфакс-Қазақстан, “Эра Телекомпаниясы” ЖШС, Халықаралық Баспа Үйi, Caspian Energy, “Комсомольская правда в Казахстане” ЖШС, Аргументы и факты, Курсив, Новое поколение, Газета “Деловой Казахстан”, Капитал. КЗ, Central Asia Monitor, Бизнес и власть, РБК, Нефть и Газ, Қазақстан Баспасөз Клубы, “Про финанс” ақпарат порталы, “Успех-Success” Республикалық бизнес журналы, “Petroleum” журналы, Эксперт Казахстан, Трэнд, Каспиан журналы, Эксклюзив журналы, платтс, “Bnews” ақпараттық порталы, newsline, Аргус-Медиа, Бизнес Life, Oil&GAS, Деловой журнал Казахстан, “Маңғыстау” газетi, Актюбинский вестник, Актөбе газетi, Деловой мир Астана, Орал Өңiрi, Приуралье (Орал), Бизнес в Казахстане, Мир Качества, Вектор Каспия, National Business, Rusenergy, Upstream, BusinessWeek, OGEL, “Lao Dong Daily”, Lettera 22 Press Agency газеттерi.

Қазақстандық Энергетикалық Апта туралы қосымша ақпаратты келесi сайттардан алуға болады :

www.kazenergy.com; www.kazakhstanenergyweek.com; www.expo.kz

Жаңабек ШАҒАТАЙ