YКIМЕТТIҢ “СЮРПРИЗI”

YКIМЕТТIҢ “СЮРПРИЗI”

YКIМЕТТIҢ “СЮРПРИЗI”
ашық дереккөзі
386

Алдағы қыркүйектiң 22-сiнде қазақ тiлiнiң мемлекеттiк мәртебе алғанына 20 жыл толады. Дәл осындай тарихи дата посткеңестiк мемлекеттердiң көбiнде аталып өтуде. Мәселен, Тәжiкстан жақында ғана тәжiк тiлiнiң мемлекеттiк аренаға шыққанының 20 жылдығын атап өттi. Осы бiр тарихи датада сөз сөйлеген Тәжiкстан президентi Эмомали Рахмон орыс тiлiн ұлтаралық қарым-қатынас тiлi мәртебесiнен айыратындығын мәлiмдеген.

Бұл мәлiмдеменiң Мәскеудiң қытығына тигенi соншалық, “Тәжiкстан егер бұл қадамға баратын болса, бiз экономикалық санкция қолданамыз” деп қоқан-лоққы танытты. Ресми Душанбе Мәскеудiң экономикалық қысымынан қорықты ма, жоқ өзiнiң iшкi есебi болды ма, Конституциямен бекiтiлген орыс тiлiнiң ресми статусын өзгертуге әзiрге асығар емес. Дегенмен, Тәжiк президентi осы мәлiмдемесi арқылы-ақ, тәжiк тiлiнiң мәртебесiн өз жерлестерiнiң алдында тағы бiр асқақтатып тастады. Ал, бiзде ше?

Әрине, бiздi алда не күтiп тұрғаны әзiрге мәлiм емес. Бiрақ, Тiлдер мейрамының алдында Үкiмет өзiнiң жаңа Қаулысымен қазақ тiлiнiң мемлекеттiк мәртебесiн тағы бiр мәрте төменге тартты. Бұл Қаулы бойынша, Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарына өзгерiс енгiзiлген. Онда 2009 жылғы “Мемлекеттiк органдарда iс жүргiзудегi мемлекеттiк тiлдiң үлес салмағын 70-пайыздан 60%-ға төмендету” көзделген.

Демек, қазақ тiлiнiң мемлекеттiк мәртебесiнiң 20 жылдығы алдындағы Үкiметтiң елге тартқан сюрпризi осы. Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң Тiл комитетiнiң ресми хабарламасына қарағанда, қазiр көптеген министрлiктердiң мемлекеттiк тiлде iс жүргiзу iсi көңiл көншiтпей отырған көрiнедi. Олардың iшiнде Сыртқы iстер, Қаржы, экономикалық және бюджеттiк жоспарлау министрлiктерi бар.

Есенгүл Кәпқызы

Серіктес жаңалықтары