Қазгидрометтің мәліметінше еліміздің аумағында температураның күрт төмендеуі күтілуде, деп хабарлайды turkystan.kz.
Осыған байланысты Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарды тұрғын үй-жайларды жылыту кезінде өрт қауіпсіздігі шараларын қатаң сақтауға шақырады.
- бірінші кезекте пешпен жылытудың, электр және газ жылытқыштарының жарамдылығын тексеріңіз;
- тек жарамды құрылғыларды қолданыңыз;
- жабдықтың қызып кетуіне жол бермеңіз және тоққа қосылған аспаптарды қараусыз қалдырмаңыз;
- жанғыш материалдарға дейінгі қауіпсіз арақашықтықты сақтаңыз;
- қолдан жасалған немесе ақауы бар жылытқыштарды пайдаланудан бас тартыңыз;
- мұржалардың жарамдылығын қамтамасыз етіп, қажет болған жағдайда оларды тазалаңыз.