Алматыдан Қызылордаға ұшқан ұшақ кері оралуға мәжбүр болды

/
Алматыдан Қызылордаға ұшқан ұшақ кері оралуға мәжбүр болды
istockphoto.com

, деп хабарлайды turkystan.kz.

13 қаңтарда Алматы-Қызылорда бағытында ұшып шыққан әуе кемесі Алматыға қайта оралған.

Air Astana әуекомпаниясының баспасөз қызметінің мәліметінше, 13 қаңтарда КС985 Алматы-Қызылорда бағытында ұшып келе жатқан Airbus A320 ұшағында ықтимал техникалық ақауға байланысты индикатор іске қосылған.

"Қызылорда қаласының әуежайында қажетті техникалық мамандар болмағандықтан, экипаж қауіпсіздік рәсімдеріне сәйкес ұшып кету әуежайына оралу туралы шешім қабылдады.

Авиатасымалдаушының инженерлік-техникалық қызметі өндірушінің нұсқаулығына сәйкес қажетті тексерулерді орындады. Ақаулар анықталмағандықтан әуе кемесі қайта пайдалануға берілді.

Алматыдағы ауа райына және Airbus NEO әуе кемелеріндегі пайдалану шектеулеріне байланысты әуекомпаниясы әуе кемесін FlyArystan ұшағына ауыстыруға мәжбүр болды, осыған байланысты рейс одан әрі кідірді", - делінген хабарламада.

Ұшақ сағат 02.34-те Алматыдан қайта ұшып кеткен. Кешігу жалпы 12 сағат 24 минутқа созылған. Тасымалдаушы рейстің кешігуі кезінде жолаушыларға ыстық тамақ пен сусындар ұсынған. Сұраныс бойынша 36 жолаушы қонақүйге орналастырылған.

"Air Astana келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Қауіпсіздік – Air Astana компаниясының басты басымдығы", - делінген хабарламада.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары