ТЕКСЕРУ КӨП, ҚАМҚОРЛЫҚ ЖОҚ

ТЕКСЕРУ КӨП, ҚАМҚОРЛЫҚ ЖОҚ

ТЕКСЕРУ КӨП, ҚАМҚОРЛЫҚ ЖОҚ
ашық дереккөзі
322

Елбасымыз Н.Назарбаевтың үстiмiздегi жылғы елiмiздiң назарына ұсынған “Дағдарыстан — жаңару мен дамуға” атты Жолдауын халық тағатсыздана күткендiгiн жасыра алмаймыз. Жолдауда әлемдiк қаржы дағдарысынан мемлекетiмiздi қалай шығару жолдары да нақты көрсетiлген. Бiз осы Жолдауға байланысты ұсыныс-пiкiрiмiздi бiлдiргендi жөн санадық.

Жалпы бiлiм беретiн мектептер жыл сайын емес, ай сайынғы, апта сайынғы тексерулерден көз ашпайды. КРУ, Салық комитетi, Еңбек қауiпсiздiгi, Өрт сөндiру мекемесi, СЭС, Прокуратура, Iшкi iстер бөлiмi, облыс, аудандық мәслихат тексеру комиссиясы, министрлiктен, т.б. тексеруден тексеру етек алуда.

Қала мен ауыл мектептерiнде айырмашылық бар. Әсiресе, балаларға ыстық тамақ беруге келсек, қала мектептерiнде асхана мәселесi, тамақ әкелу, пiсiру, сақтау мәселесi шешiлген, ал ауыл мектептерiне келсек буфет немесе асханада аспазшы мамандары жетiспейдi, тамақ аудан орталығынан 120-190 шақырымнан тасылады. Сондықтан ауыл мектептерiнде ыстық тамақ беру тиiмсiз. Тамақ пiсiруге газ пешi, тоңазытқыш, т.б. қамтамасыз етiлмеген. Мемлекет ауыл балаларына тамақ беруден гөрi, күн көрiсi төмен отбасын киiм-кешек, құрал-жабдық т.б. қамтамасыз етсе деген тiлегiмiз бар.

1000-2000 оқушылары бар қала мектептерiнде 3-4 завуч, педагог-психолог, әлеуметтiк-педагог штат болуы орынды. Ауыл мектептерiнде 150-300 оқушылары бар мектепке 2-3 завуч, әлеуметтiк-педагог, әскери жетекшi, т.б. ұстаудың өзi шығын. Сондықтан 100-200 оқушылары бар ауыл мектептерiнде 2 завуч, педагог-психолог штатын қалдырып, қалғанын қысқарту керек. Кейбiр ауыл мектептерiнде 40-60 оқушы болса, сабақ беретiн мұғалiм саны 25-30-ға жетедi, кiшi қызметкерлер саны 20-дан асады. Бiздiңше, артық штаттарды қысқартып, балаларды еңбекке баулу үшiн, сенбiлiкке, мектеп төңiрегiн тазалауға баулыса, оқушыларды еңбекке тәрбиелер едiк. Ауыл мектептерiн жоғары бiлiмi бар күндiзгi бiлiмдi бiтiрген қазақ тiлi мен әдебиет, метематика, технология, ән-музыка, сурет пәнiн оқытатын мамандармен қамтамасыз етсе құба-құп болар едi. Ауыл мектеп пен қала мектептерiнiң әрқайсысына 1 бухгалтер штаты бар, айлығы 15 мың теңге. Бiздiңше, аудандық бiлiм бөлiмiнен орталықтандырылған бухгалтериясын ашқан жөн. Себебi банк салық, қазынашылық т.б. қағаз өткiзедi. Үш мектептi бiр бухгалтерге жүктесе, айлығы 45 мың жалақы алар едi, мемлекет қаражатына қол сұқпас едi. Аудандар мен қалаларда 40-50 мектеп болса, 40-50 бухгалтер ұстайды. Әр бухгалтерге 3 мектептен айналса 20 шақты бухгалтер ұстар едi, әрi тиiмдi болар едi.

Елiмiздегi мектеп проблемаларын шешу үшiн 2009 жылы қыркүйек немесе қазан айында Республикалық мектеп директорларының кеңесiн Астана қаласында өткiзсе деген тiлегiмiз бар. Мектеп директорларына Астана қаласын аралатып, Парламент депутаттары мен Үкiмет мүшелерiмен, т.б. кездесулер өткiзсе нұр үстiне нұр болар едi. Қазiргi компьютерлендiру, технология жетiстiгi көрмелер ұйымдастырса. Мектеп директорлары курсын 2 апталық бағытында етiп, Астана мен Алматы қаласындағы көрнектi педагог-оқытушылар оларға дәрiс оқыса.

Астана қаласы елiмiздiң солтүстiк пен батыс облыстарын қамтыса, Алматы қаласы оңтүстiк пен шығыс облыстарды қамтыса деймiз. Облыстардағы аудан орталығы 150-200 шақырым қашықтықта орналасқан ауылдың мектеп директорларын жеңiл көлiкпен қамтамасыз етсе, өз жемiсiн берер едi.

Оның үстiне мемлекет есебiнен мектеп пен балабақшаларды безендiруге, рәмiздермен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етуге үшiн қаражат бөлiнсе, өте орынды болар едi.

Жамбыл облысы,

Тараз қаласы.

Қол қойғандар:

М.Иманбаев,

У.Кенжебай,

Ә.Тiлеубердiұлы,

Б.Қошмағанбетов,

Ш.Қарғабаев,

Ш.Егембердiқызы,

Ж.Жайнақова,

Ұ.Әбутәлiпқызы,

М.Иманбеков

Серіктес жаңалықтары