ҒАЛЫМНЫҢ ЕҢБЕГI ЕЛЕНДI

ҒАЛЫМНЫҢ ЕҢБЕГI ЕЛЕНДI

ҒАЛЫМНЫҢ ЕҢБЕГI ЕЛЕНДI
ашық дереккөзі
209

Жақында әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетiнiң профессоры Хабиболла Оспанов Ғылыми жаңалық авторларының халықаралық ассоциациясының алтын медалiмен және дипломымен марапатталды. Қазақстандық ғалым № 373 “еритiн реагенттердiң әсерiнiң өзгермелi заңдылықтар әрекетi мен қатты заттың сұйықтыққа айналу шекарасында өтетiн бәсекелес реакция жүруiнiң салдары” жаңалығы атты дипломын иелендi.

Х.Қ. Оспановтың ашқан қатты заттың сұйықтыққа айналу шекарасындағы бөлiмде өтетiн физика-химиялық үрдiстердi басқару теориясында мұның теориялық және тәжiрибелiк маңызы зор болғандықтан, термодинамика және кинетика саласындағы алдыңғы қатарлы ғалымдар жоғары бағалап отыр. Х.Қ. Оспановтың теориялық зерттеулерiн жер қабатында минералдар қалыптасу себебiн түсiндiру үшiн термодинамикалық және кинетикалық параметрлерi әртүрлi екi саланы байланыстырған, гидрометаллургия жағдайында немесе флотация және геохимия жағдайында технологиялық процесс барысын сапалық және сандық болжаулар айқындауышы басымды ашылу ретiнде жоғары бағалаған алдыңғы қатарларлы әлем ғалымдарының қатарында Нобель сыйлығының иегерi И. Пригожин (Физикалық химия халықаралық институтының директоры, Бельгия), профессор Fathi Habashi (Канада), профессор G.J. Leight (Ұлыбритания), АҚШ-тың еңбек сiңiрген ғалымы Galbert Mains (АҚШ), КСРО ҒА-ның шетелдiк мүшесi О. Фиговский (Израиль), КСРО ҒА академиктерi М. Жаворонков, В. Спицын, Н.П. Лаверов (КСРО Ғылым және техника жөнiндегi комитетiнiң бұрынғы төрағасы, қазiргi РҒА-ның вице президентi), Еуропа Академиясының мүшесi Ю.Я. Харитонов (Ресей, Мәскеу қаласы), М.Х. Карапетьянцем (МХТИ), КСРО ҒА-ның корреспондент мүшесi Г.А.Крестов, профессор А.К.Молодкин (Патрис Лумумба атындағы Халықтар достығы университетi) бар.

Жоғарыда атап өткендей, Х.Қ. Оспановтың теориялық тұжырымдарының болашағы зор әрi өзiндiк жаңалығымен ерекшеленген тұсы — осы уақытқа дейiн әлемде зерттелмеген бәсекелес теңсiздiк процестерiнiң жылдамдығы мен күрделi минералдар құрылымын болжамдайтын ортақ ғылыми принциптердiң жоқтығында болып отыр.

Серіктес жаңалықтары