ИРАН ҚАЗАҚСТАН ЖАҒЫНДА

ИРАН ҚАЗАҚСТАН ЖАҒЫНДА

ИРАН ҚАЗАҚСТАН ЖАҒЫНДА
ашық дереккөзі
354

Астанада екi күндiк ресми сапармен Иран Ислам Республикасының президентi Махмуд Ахмадинежад болып қайтты.

Мәртебелi қонақпен әңгiме барысында Нұрсұлтан Назарбаев: “Басқа да мемлекеттер секiлдi Иранның бейбiт атом энергиясына толық құқы бар” деп атап көрсеттi. Сондай-ақ, ол Лондонда Ресей және АҚШ президенттерiнiң өз елдерiнде ядролық қаруды едәуiр қысқарту жөнiндегi мәлiмдемелерi мен АҚШ-тың Иранмен өзара сыйластық жағдайында келiссөздер үстөлiне отыруға кетәрi еместiгiн қолдады.

Ядролық тақырыпқа арнайы тоқталған Н.Назарбаев: “Егер әлемде ядролық отын немесе ядролық энергетика банкi құрылатын болса, Қазақстан ядролық қаруды таратпау туралы шартқа қол қойған және ядролық қаруды ерiктi түрде бас тартқан ел ретiнде оны өз жерiнде орналастыру мүмкiндiгiн қарастыра алар едi”, – дедi.

Бұл ұсынысты Иран Ислам Республикасының басшысы қолдады.

«Түркiстан-ақпарат»

Серіктес жаңалықтары