АРЫСТАҒЫ ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒА АСТАНАНЫ АЛАҢДАТУДА
АРЫСТАҒЫ ҚАЙҒЫЛЫ ОҚИҒА АСТАНАНЫ АЛАҢДАТУДА
Ақордада Қазақстан Республикасы Президентi Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өткен Қауiпсiздiк кеңесiнiң кезектi отырысында Оңтүстiк Қазақстандағы “ҚазАрсенал” мекемесiнiң аумағындағы оқ-дәрiлердiң жарылысын тексеру жөнiндегi комиссиясының қорытынды есебi тыңдалды.
Арыс қаласы аймағындағы қайғылы оқиға жұртшылықты алаңдатып отырғаны тегiн емес. Өз азаматтары мен тұрғындардың қауiпсiздiгiн әркез қамтамасыз етiп отыру — мемлекеттiк басты мiндеттердiң бiрi. Сондықтан да Елбасы Қазақстан Үкiметiне қару-жарақтар мен оқ-дәрiлердi сақтау және қалдықтарды пайдаға жарату нысандарында қауiпсiздiктi мейлiнше қамтамасыз ету мақсатында қажеттi шаралар қабылдау туралы тапсырма бердi.
Сондай-ақ, Бас прокуратура мен Iшкi iстер министрлiгiне жедел түрде Арыс қаласында орын алған қайғылы оқиғаға толық әрi жан-жақты тергеу жүргiзу, оның нәтижелерi туралы Қауiпсiздiк Кеңесiнде баяндау тапсырылуы да Қазақстан Республикасында адамдар өмiрiнiң қауiпсiздiгiне ерекше мән берiлетiндiгiнiң нақты дәлелi.
Қазiр ғаламда энергетикалық қауiпсiздiк мәселесi де басты орынға шығып, әлем бойынша аса күрделi мәселеге айналып отырғаны мәлiм. Қауiпсiздiк Кеңесiнiң осы отырысында атом саласының қазiргi жағдайы мен даму перспективасы жөнiнде “Қазатомөнеркәсiп” жабық акционерлiк қоғамы мен Ұлттық ядролық орталықтың басшылары кеңiнен баяндама жасауы да бұл мәселенiң маңызы ерекше екендiгiн айқындайды. Мемлекет басшысы өзiнiң сөйлеген сөзiнде ядролық энергетиканы дамыту мен ядролық технологияларды ғылым мен экономиканың әртүрлi салаларында пайдалану бойынша әлемдiк үрдiстердi ескере отырып, Қазақстандағы атом саласының маңызын атап көрсеттi. Сондықтан “уранды экспорттауға қатысты шараларды ширату қажет”, — дедi Н.Назарбаев.
Отырыста берiлген тапсырмалардың орындалуын бақылау Қауiпсiздiк Кеңесiнiң хатшылығына арнайы жүктелдi.
Ж.Баққондыұлы