ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАРҒА ҚОЛДАУ ЖАСАУДА

ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАРҒА ҚОЛДАУ ЖАСАУДА

ТЕХНИКАЛЫҚ МАМАНДЫҚТАРҒА ҚОЛДАУ ЖАСАУДА
ашық дереккөзі
209

Бұл байқау оралман студенттердiң арасында екiншi рет өткiзiлiп отыр. Әуелгi байқауға қатысушылардың саны өте көп болатын. Бұл жолы ұсыныс-хаттар легi алдыңғы байқауға қарағанда азайған сияқты.

Байқауға биыл 100-ден аса үмiткерлер қатысқан екен. Оның арасынан топ жарып шыққаны 20 студент. 120 000 теңге көлемiн құрайтын сыйақыға студенттер Қ.Сәтпаев атындағы ҚазҰТУ-дың кiшi залында өткен марапаттау рәсiмiнде ие болды.

Оралман студенттердi қолдайтын жалпы бiлiм беру бағдарламасы бойынша өткiзiлiп отырған байқауды ұйымдастырушылар Коммерциялық емес Қайырымдылық Seimar Social Fund-ы мен “Қазақстанның Оралмандар Одағы”.

Бұл байқаудың ерекшелiгi, оған елiмiздiң түкпiр-түкпiрiндегi оралман-студенттерiмiз қатысты. Бiрақ, оларға қойылатын тағы бiр талап, барлық сессиялардың ортақ бағасы 4,5 баллдан жоғары немесе тең болуы қажет. Осы талаптарға сай келген 20 студент озық деп табылып, материалдық көмек ретiнде жәрдемақыға ие болды. Оларыдң арасында Қытайдан, Моңғолиядан, Өзбекстаннан келген студенттерiмiз бар.

Бұл жолғы байқаудың өткен жылғымен салыстырғанда, тағы бiр ерекшелiгi, техникалық мамандықтарға көбiрек мән берiлуi. Бұрындары заңгерлiктi, экономист мамандығын көбiрек таңдайтын жастарымыз қазiр техника жағына да көбiрек мән берiп жатыр. Соның бiрi радиотехника мамандығын таңдаған Шарбат Қайдарбек те бар.

“Бұрын көбiне қала жастары игерiп келген бұл мамандыққа қазiр ауылдық жерде де өте зор қызығушылық бар. Бұл үрдiс алдағы уақытта да жалғаса бередi деп ойлаймын. Өйткенi, қазiр бiздiң елiмiзде телекоммуникация саласы аса жоғары қарқынмен дамып келе жатыр”, – дейдi Шарбат Қайдарбек.

Игiлiктi шара жалғасын табар болса, нұр үстiне нұр болар едi. Бұл елiмiздiң түкпiр-түкпiрiнен келген оралман-студенттерiмiздiң де үлкен арманы.

Жадыры СЕРIКҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары