ТЫҢ ДЕРЕКТЕРДIҢ ТАҒЛЫМЫ

ТЫҢ ДЕРЕКТЕРДIҢ ТАҒЛЫМЫ

ТЫҢ ДЕРЕКТЕРДIҢ ТАҒЛЫМЫ
ашық дереккөзі
588

Кеңестiк идеологияның соқыр сойылына айналған тарих ғылымымызға соңғы жылдары қызғушылық еселеп артып, жаңа көзқарас және ұлттық руһта қайта жазылып жатқаны мәлiм.

Жаңа iзденiстерде кемшiлiктер, үстiрт ойлар, негiзсiз пайымдаулар iшiнара орын алуы заңды да. Сөйте тұра кейбiреулердiң кертартпалықпен:”Ойбай, әр ру, әр ауылда батырлар мен баһадүрлер шамадан тыс қаптап кеттi. Ескiдегi екiнiң бiрiн қаһарманға айналдырдық”, — деп байбалам салуын құптай қоятын жөнiмiз жоқ. Өйткенi, қазақта есiмi белгiлi, белгiсiз батырлар көп болмаса Азияның дәп кiндiгiндегi осынау құтты өлке – бүгiнгi Қазақстанның ұлан ғайыр территориясына алаш жұртының ие болып қалуы неғайбыл болатын. Сондықтан, жаңа кiтаптардың жазыла беруi елдiк тарихымызға қосылған елеулi үлес деуiмiз абзал.

Үмiткен Бүркiтбаева – мамандығы бойынша университеттi тәмамдаған, жоғары бiлiмдi биолог. Оның қаламынан туған тарихи мақалалар, мұрағаттық нақты деректерге негiзделген жарияланымдар республикалық беделдi басылымдардың көпшiлiгiнде жарияланған.

“Жетiсуым-жетi құтым, ырысым” жинағы кiтапсүйер оқырманның көңiлiнен шығары күмәнсiз.

Ж.Баққондыұлы

Серіктес жаңалықтары