ДСҰ – ҒА ДАЙЫНДЫҚ

ДСҰ – ҒА ДАЙЫНДЫҚ

ДСҰ – ҒА ДАЙЫНДЫҚ
ашық дереккөзі
260

Қазақстан Президентi Н.Назарбаев сейсенбi күнi РФ үкiметi төрағасының орынбасары әрi Ресейдiң қаржы министрi Алексей Кудриндi қабылдады. Екi ел арасындағы экономикалық қатынастарға баса назар аударылған жүздесуде Еуразиялық даму банкiнiң мәселесi көтерiлдi.

Мемлекет басшысы кездесу барысында Дүниежүзiлiк сауда ұйымына мүшелiкке өтуге дайындық, екi ел арасындағы қатынасты дамыту, Еуразиялық даму банкiнiң (ЕАДБ) қызметiн талқыға салды. Баспасөз мәслихатында А.Кудрин 2008 жылдың қаңтарында РФ ЕАДБ жарғылық капиталының өзiне тиесiлi бөлiгiн аударғанын және Қазақстанның қаржыны аударып жатқанын мәлiмдедi. Оның мәлiмдеуiнше, банк жарғылық капиталы 1,5 млрд. долларға жеткiзiлетiн көрiнедi. Банк акционерлерiнiң құрамына енуге Тәжiкстан, Қырғызстан, Армения мен Беларусь өтiнiш түсiрiптi. ЕАДБ құру туралы құжатқа 2006 жылы қаңтарда қол қойылған. Негiзгi құрылтайшы – Ресей. 1,5 млрд. доллардың 1 млрд. доллары орыстардың үлесiнде. Халықаралық қаржылық ұйым болып табылатын банк ЕАДБ-ға мүше мемлекеттердiң нарықтық экономикасын дамытуға, инвестициялық ахуалды жақсарту және дамытуға, мемлекетаралық сауда-экономикалық байланыстар ауқымын кеңейтуге ықпал етедi.

ХАЛЫҚТЫҢ АҚШАСЫ ЖЕЛГЕ ҰШУДА

Апта басында ҚР Экономика және бюджеттi жоспарлау министрлiгiнiң өкiлдерi дабыл қақты. Олардың айтуына қарағанда, бюджеттiк қаржы мақсатсыз жұмсалып жатқан көрiнедi.

Бiздiң шенеунiктер қызық. Бiресе, халықтың өз ақшасын өзiнен аяп, жыл басында бөлiнген қаржыны игермей керi қайтарады, бiресе салық төлеушiлердiң, яғни сiз бен бiздiң қалтамыздан шыққан қаржыны мақсатсыз жұмсайды. Жауапкершiлiктi бiлмейтiн шенеунiктердi тез салып, бұра тартатындарды заң жүзiнде қатаң жазалайтындар кемде-кем. Сейсенбi күнi ресми мәлiмдеме жасаған ҚР Экономика және бюджеттi жоспарлау министрлiгiнiң жауапты хатшысы Дина Шәженова аймақтық бағдарламалардың басым бөлiгi жергiлiктi билiк органдарының материалдық жағдайын жақсартуға, яғни бюджеттiк қаржының мақсатсыз жұмсалып жатқанын айтты. Оқырманға — құлаққағыс, қазiргi кезде ҚР бойынша 110 мемлекеттiк және 320 аймақтық бағдарлама жүзеге асырылуда. Шәженова ханымның сөзiне сүйенсек, "олардың мақсат-мiндеттерi анық көрсетiлмеген, құрылымы жағынан бiр-бiрiнен аумайды. Олардың басым бөлiгi жергiлiктi билiк органдарының материалдық жағдайын жақсартуға, яғни мақсатсыз жұмсауға бағытталған". Әрине, бұдан былай "батпан құйрықтан" қағылады. Өйткенi, министрлiк тарапынан ұсынылған нәтижелi қаржыландыру жүйесiнiң арқасында аталған бағдарламалар белгiлi бiр аймақтың әлеуметтiк-экономикалық жағдайын жақсартуға бағытталатын болады.

"ҚАРА ҚЫТАЙ ҚАПТАСА"…

Қаржылық дағдарыстың кесiрiнен қытайлар жаппай жұмыссыз қалуы мүмкiн. Демек, "ауылы аралас, қойы қоралас" жатқан қазақтарға да қара қытайдың қаптау қаупi төндi. Қазақтың қаракөздерiне үйленудiң арқасында тұрмысын дұрыстап алумен қатар үй-жай, жерге қожалық етiп, қазақтарға қоқаңдай бастаған қытайлар аз едi онсыз да…

Қытайдың еңбек және әлеуметтiк қамсыздандыру министрi Тянь Чэнпин елге жұмыссыздық қаупi төнiп тұрғанын мәлiмдедi. Ресми деректерге сүйенсек, жыл сайын аспанасты елiндегi еңбек нарығына 20 млн. жаңа жұмысшы кеп қосылады екен. Маман тапшылығы айқын сезiлетiн қытайлық компанияларда қожайындар қарамағындағы қызметкерлерiнiң бiлiмiн жетiлдiруге, арнайы оқу орындарында оқытуға мәжбүр. 2008 жылы Қытай 10 млн. жаңа жұмыс орнын ашып, қызметсiз сенделiп қалған 5 млн. адамды жұмыспен қамтамасыз етудi жоспарлап отыр. ҚХР билiгiнiң хабарлауынша, елдегi жұмыссыздық мәселесiнiң уақыт өткен сайын ушыға түсуiне Америкадағы экономикалық өсiмнiң тежелуi мен әлемдiк қаржылық дағдарысты кiнәлi. Өйткенi, экспорт көлемiнiң күрт төмендеуi компаниялар жұмыстарына керi әсер етiп, адамдардың жұмыссыз қалуына әкеп соғуда. Қысықкөз көршiлердiң жұмыссыз қалуы Қазақ елiне де қауiп төндiредi. Себебi, заңсыз мигранттар қаптап жүрген бiздiң елде жемқорлық пен заң бұзушылықтың арқасында екi қолға бiр жұмыс табатын жатжұрттықтар көп. Олардың арасында саны жағынан қытайлар басым. Қазақтың қаракөздерiне үйленiп, тұрмыстарын тез түзеп алатын шетелдiктер аз едi…

ҚАРАҚШЫЛАРҒА ҚАРСЫЛЫҚ

Бүкiл әлем бойынша, 1968 жылы жасалған Ferrari P4 автокөлiгiнiң жалпы саны — 3. Апта басында Брюссель қаласында Таиландта жасалған жалған Ferrari P4 көлiгi көрмеге қойылды. Өнiм түпнұсқадан аумайды. Тек двигателi — Subaruнiкi. Көрменiң мақсаты — түпнұсқа тауарлардың көшiрмесiн заңсыз жасайтын қарақшыларға наразылық бiлдiру.

Халықаралық үкiметтiк емес ұйым – «Authentics Foundation» өкiлдерiнiң пiкiрiнше, көрмедегi көлiк қарақшылық жолмен пайда табатын кәсiпорындар мен кәсiпкерлердiң қаншалықты күштi екендiгiн бiлдiредi. Мұндай заңсыз өнiмдермен үкiметтер үздiксiз күрессе де, заң бұзушыларды тезге салу қиынға түсуде. DVD мен музыкадан басталған қарақшылық шабуылдар ауқымы кеңейе келе, Ferrari P4 сияқты қомақты өнiмдерге ұласқан. Өкiнiшке қарай, қарақшылар әлемдiк брендке айналған киiм-кешек, тұтыну тауарлары, электроникадан бастап, дәрi-дәрмек, тiптi, азық-түлiкке дейiн ауыз салған. Қарақшылыққа қарсылық танытқан Брюссельдегi көрмеге Еуропалық комиссияның президентi Жозе Мануэль Баррозудың қолдау көрсетуi сондықтан. Қазақстанға Қытайдан әкелiнетiн заттардың түгелге жуығы — қарақшылық өнiмдер. Сыртқы пiшiнi ғана дүниежүзiлiк брендтiң тауарының сапасы сын көтермейтiнi анық. Мұндайда азық-түлiк, дәрi-дәрмек сияқты адамдар өмiрiне қауiп төндiретiн заттар туралы сөз қозғау артық.

Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары