МЕМЛЕКЕТIМIЗДIҢ ҚАЗЫҒЫ – ҚАЗАҚ

МЕМЛЕКЕТIМIЗДIҢ ҚАЗЫҒЫ – ҚАЗАҚ

МЕМЛЕКЕТIМIЗДIҢ ҚАЗЫҒЫ – ҚАЗАҚ
ашық дереккөзі
156

Мәскеуде Елбасы осы ойды қадап айтты

Өткен аптада ТМД басшыларының галстуксыз кездесуi өттi. Бұл кездесу тұрпатына қарағанда, Ресей президентi Владимир Путиннiң президенттiгi кезiндегi ТМД жұмысын қорытындылауға арналғандай.

ТМД жайында сарапшылардың пiкiрi әр алуан. Олардың денi — ТМД өлi құрылымға айналды дегенге саяды. 2007 жылдың жазындағы Душанбедегi саммиттi айтпағанда, бұл пiкiр шындыққа айналуға жақын қалған-ды. Бұрынғы түркiменбашы ТМД-ны мойындамай, соңғы кездесулерге келмей жүрген едi. Грузия мен Украина батыстық бағытты ұстанып, Ресейдiң кейбiр шараларынан бас тартып жүрген едi. Бiрақ, Американың бүкiл әлемнiң қожасы болуға деген талпынысы, ТМД мемлекеттерi басшыларын қайта ойлануға мәжбүрлегендей. Бейтарап түркiменбашының орнына сайланған Гурбангулы Бердiмурадов ресейшiл болып шықты. Сөйтiп ол Душанбедегi саммитте бiртұтас Кеден одағын құру туралы келiсiмге қол қойды. Бұл ТМД тарихындағы ең жемiстi келiсiм десе де болғандай. "Риановости" агенттiгiне сұхбат берген қырғыз президентi Құрманбек Бакиев ТМД-ның ендiгi алға қойғаны әр кездесуде маңызды бiр мәселенi талқылап, соған қол жеткiзудiң тетiктерiн ақылдасу болып табылатындығын айтыпты. "Егер, мәселенi осылай реттесек, ТМД құрылымы жемiстiрек болар едi. Бұған дейiн бiз мыңдаған проблемаларды көлденең тартып, оның бәрiн жүзеге асыруға мүмкiндiгiмiз келмей қалатын. Былтырғы Душанбе саммитi бiзге басты мәселенi ғана жүзеге асырудың артықшылығы үйреттi" деген.

"РИА новости" агенттiгi ресми емес кездесудiң барысында ТМД мемлекеттерi басшыларының бiрқатарынан сұхбат алған екен. Көбiне сұхбаттасушылар әр президенттiң қазiргi ұстанып отырған саяси курсына орай әңгiме өрбiткен. Мәселен, қазақ пен қырғыз президенттерi сыртқы саясатының негiзi әрi тiрегi ретiнде Ресей Феде¬рациясын атаса, Украина мен Беларусь президенттерi ресейшiл бағытты ұстана отырып, Батысқа да, НАТО-ға да есiк ашу қажеттiгiн айтады. Виктор Ющенконы тәуелсiз тарихын қалыптастыру барысында, Кеңес одағының басты жауларын, басмашылар мен бандыларды халық батыры, ұлт азаттық көтерiлiсiнiң көсемi ретiнде дәрiптеп жатқанын кiнәлаған журналиске ол Украинаның Кеңес одағы кезiнде 5 рет тәуелсiздiгiн жариялап, барлығы да сәтсiздiкке ұшырағандығын айта отырып, украин халқы үнемi тәуелсiздiкке талпынғандығын жеткiзген. Ал, Беларусь президентi Лукашенкомен арадағы әңгiме Путин президенттiгi кезiнде қол жеткiзе алмаған Ресей-Беларусь одағы жайында болған. Лукашенко: "Егер, бұл одақ құрылатын болса, тең құқықты, тең дәрежелi мемлекеттердiң одағы болуы керек. Ал, Ресей ортақ Конституцияны қабылдауға құлықсыз. Олар бiзге өздерiнiң рублiн таңып, өздерiнiң үстемдiктерiн жүргiзгiсi келедi. Бiрақ, бiз өз мүддемiзге қайшы, тәуелсiздiгiмiзге нұқсан келтiретiн шешiмдерге бармаймыз" деген ол.

Қазақстан президентiмен әңгiме өзгелерiнен гөрi жұмсақ әрi көңiлдi өткенге ұқсайды. Қазақстанның Ресеймен арадағы қарым-қатынасына қояр мiнi болмаған журналист елiмiздегi қазiргi орыстардың интеграциялану процесiне тоқталады. "Насколько изменяется роль русской диаспоры в Казахстане? Насколько активно происходит интеграция русских в казахское общество?" деген сауалына, Елбасы: "Вспомните, во времена Советского Союза считалось политически неправильным русскому человеку подчеркивать: я — русский. Все были советскими. Теперь времена изменились, и это правильно. Ведь никогда человек не забывает о своей национальной принадлежности. Закономерно, что в России идет возрождение русского самосознания. То же самое происходит в независимом Казахстане и других странах СНГ. Мы обязаны учитывать стремление казахского народа обрести свое "я". В условиях Казахстана некорректно вести речь об интеграции русского населения, поскольку оно давно уже интегрировано. Можно вести речь об адаптации русских в начале 90-х годов к новым историческим условиям, возникшим после распада СССР, к потере ими статуса титульной или государствообразующей нации". Демек, Н. Назарбаев елдегi орыс ұлтының өкiлдерiн қазақ қоғамына бiрiгуге, олардың мәдени және әдеби құндылықтарын әспеттеуге шақыра отырып, орыс диаспорасының КСРО кезiндегiдей "мемлекет құраушы немесе титульды ұлт" дәрежесiнен айрылып қалғандығын айтады. Әр мемлекет өзiнiң тарихи жолын қалыптастыру кезеңiнде негiзгi ұлттың ұлттық "менi" алға шығуының заңды екенiн, онсыз мемлекет құрудың мүмкiн еместiгiн сөз етедi. Бiздегi орыс, казак және славян ұйымдарының бай-байға басып, негiзгi мемлекет құраушы ұлт ретiнде өздерiн танытуға деген менмендiктерiн басуға шақырады. Яғни, бiздегi диаспора өкiлдерi унитарлы мемлекеттiң iшiндегi диаспоралардың рөлiн түсiнетiн кезi жеткендiгiн айтады.

Сонымен, ТМД мемлекеттерi басшыларының галстуксыз саммитiндегi көзделген басты мәселе — Путин президенттiгiн қорытындылап, оны шығарып салу, Путиннiң мұрагерi Дмитрий Медведевтi өз жақтастарына таныстыру және оның кандидатурасын қолдау болып табылып отыр. Егер, Д. Медведев перзидент болатын болса, Ресейдiң қазiргi саяси курсы өзгермейдi, ТМД құрылымын одан әрi жетiлдiру iсi де оған тапсырылып отыр. Путин "ТМД — 2020" бағдарламасын паш етiп, оны әрi қарай жүзеге асыруға шақырды. Сарапшылар, бұл бағдарламаны Путин президенттiгi кезiнде қабылдаған "Ресей — 2020" бағдарламасының баламасы ретiнде атап жатты. Сөйтiп, ТМД басшыларының барлығы қатысқан бейресми саммитте Армения президентi мен Ресей президентi әрiптестерiмен қоштасқандай сезiм қалдырды.

Есенгүл Кәпқызы

Серіктес жаңалықтары