Мысырда Рамазан айына орай амнистия жарияланды

Мысырда Рамазан айына орай амнистия жарияланды

Мысырда Рамазан айына орай амнистия жарияланды
ашық дереккөзі
342

Қасиетті Рамазан айының тууына орай Мысыр президенті Әбдел Фаттах ас-Сиси осы елдегі 165 сотталушыға рақымшылық жасады. Амнистияға іліккендердің қатарында шеру туралы заңды бұзғандарда бар. 2013 жылдың шілдесінде исламшы-президент Мұхаммед Мүрси биліктен кетіп, Мысырда қанды қақтығысқа әкелген наразылық акциялары болғаны белгілі. 2013 жылдың қарашасында қабылданған шеру туралы заң елдегі наразылық акцияларына тосқауыл болды, дегенмен билік елдің ішіндегі тыныштықты сақтау мақсатында құрылған жаңа заңды тәжірибе ретінде ғана қолданды. Өйткені халықаралық құқық қорғау органдары бұл заңның тым қатал екенін, азаматтардың құқығын шектейтінін айтып, оның қолданысқа енгізілуін құптаған жоқ.

Серіктес жаңалықтары