"АССАЛАУМАҒАЛЕЙКУМ!" ДЕП "АЙҚАРА" КЕЛДI...

"АССАЛАУМАҒАЛЕЙКУМ!" ДЕП "АЙҚАРА" КЕЛДI...

"АССАЛАУМАҒАЛЕЙКУМ!" ДЕП "АЙҚАРА" КЕЛДI...
ашық дереккөзі
361

Жаңа жылда қазақтiлдi бұқаралық ақпарат құралдарының қатарына жаңа бiр басылым — "Айқара" республикалық қоғамдық апталығы өз үнiмен келiп қосылды. Бұл апталықтың алғашқы саны биылғы жылдың 1 қаңтарында Астана қаласында жарық көрдi.

Өз бетiнде талдамалық материалдарды басым түрде берудi мақсат етiп қойған, журналистер ұжымының жекеменшiгiндегi бұл алғашқы газет тәуелсiздiктi қорғау жолында барын салатынын әлден-ақ әйгiлеп отыр. Басылымның бас бағдары — центристiк бағыт.

Таланына жазылған мамандығына адал журналистер жаңа бiр iстi қолға алған сыңайлы. Жаңа газет елiмiздегi, қоғамдағы қалыптасқан ахуалдарға жай қарап қоймайды, уақыт биiгiнiң талабына сай қарайды деп сенедi оқырман қауым.

Ж.БАҚҚОНДЫҰЛЫ

Серіктес жаңалықтары