АҚЫН ТҰРМАҒАМБЕТКЕ АРНАЛҒАН КЕШ

АҚЫН ТҰРМАҒАМБЕТКЕ АРНАЛҒАН КЕШ

АҚЫН ТҰРМАҒАМБЕТКЕ АРНАЛҒАН КЕШ
ашық дереккөзі
177

Жуырда Алматы қаласының әкiмшiлiгiнiң ұйымдастыруымен дүлдiл ақын Тұрмағамбет Iзтiлеуұлының 125 жылдығына арналған салтанатты кеш болып өттi.

Салтанатты кеш Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваториясының үлкен концерт залында жыр сүйер қауым мол жиналып, Сыр сүлейлерiнiң жыр-термелерiнен сусындады. Кеште филология ғылымдарының докторы, профессор Темiрхан Тебегенов «Тұрмағамбет Iзтiлеуұлының өмiрi мен шығармашылығы хақында» баяндама жасады. Осынау кеште ғалым, әрi жырау Берiк Жүсiпов, этнограф, ғалым Тынышбек Дайрабай, тағы басқалар Тұрекең шығармалары мен оның шыққан кiтаптары туралы әңгiмеледi. Сондай-ақ, салтанатты кеште Қазақстан Республикасы Мемлекеттiк сыйлықтың иегерi, ақын Иран-Ғайып, жас ақын Ләйла Құндақбаева Тұрмағамбет Iзтiлеуұлына өз жырларын арнады.

Серіктес жаңалықтары