ҚАЛДЫБЕКТIҢ ҚОЛТАҢБАСЫ АЙҚЫН
ҚАЛДЫБЕКТIҢ ҚОЛТАҢБАСЫ АЙҚЫН
Мамырдың 30-ы күнгi Республика сарайында өткен Қалдыбектiң ән кешiне адам көп жиналды. Қалдыбек Құрманәлi – әдемi әндерiмен танылып, бүгiнде халықтың ыстық ықыласына бөленiп үлгерген композитор. Бұл Қалдыбектiң Алматыда өткiзiп отырған екiншi үлкен шығармашылық кешi екенi айпаса да түсiнiктi. «Бiз әлi кездесемiз» деп аталған ән кешi өте жинақы шықты. Композитордың ұйымдастырғыш, iзденгiш қабiлетi осы жолы тiптi жарқырай көрiндi деуге болады.
Ән кешiнде оның «Қариялар азайып бара жатыр», «Ән-аға немесе Шәмшiмен сырласу», «Кiрмешi жиi түсiме», т.б. танымал әндерден басқа жаңа әндерi орындалды. Мұқағали Мақатаевтың сөзiне жазылған «Қыздарға» және бiрқатар әндер Қалдыбектiң қолтаңбасы айқын композитор екенiн дәлелдей түскен.
Қазақстанның өнер жұлдыздары Тұңғышбай, Роза, Мақпал, Ақжол, Майра, Сембек, Ералхан, Гүлмира, Жеңiс, Айгүл, Шәкизада, Сәкен, Қадырғали, Гүлзира, Ғани, Саят, Асқар, «Жiгiттер» квартетi мен «Терiсқақпай» комедия театры бұл концертке барын салды.
Аншлагпен өткен Қалдыбектiң «Бiз әлi кездесемiз» деп аталған ән кешi әлi талай жаңа әндердiң туатынын, әлi талай ән кештерiнiң болатынын меңзеп тұрғаны тағы рас.
Алайда концерттi Тұңғышбай әл-Тарази мен Жеңiс Ысқақованың жүргiзуi сәттi шыға қоймағанын айтпай кете алмаймыз.
Кеш барысында сөз алған Қалдыбектiң: «Түптiң түбiнде бiр ән қалатын болса, ол – Шәмшiнiң әнi» деуi «ұстазы жақсының ұстамы жақсы» болатынын ұқтырды.
Айнұр БЕКТАС