ТАЗА СҰЛУЛЫҚ ПЕН ТЕРЕҢДIККЕ ТОЛЫ ӨНЕР ДОДАСЫ

ТАЗА СҰЛУЛЫҚ ПЕН ТЕРЕҢДIККЕ ТОЛЫ ӨНЕР ДОДАСЫ

ТАЗА СҰЛУЛЫҚ ПЕН ТЕРЕҢДIККЕ ТОЛЫ  ӨНЕР ДОДАСЫ
ашық дереккөзі
252

Жақында Алматы қаласының Горький атындағы орталық саябағында «Бозторғай» атты халықаралық балалар шығармашылығының өнер сайысы өттi. Сайыстың ұйымдастырушылары ҚР Мәдениет және ақпарат министрлiгi, Алматы қаласының әкiмдiгi, «Бозторғай» халықаралық байқауының қоғамдық қоры.

Халық шығармашылығы, вокал, хореография жанрлары бойынша өткен аталмыш өнер додасына 10 жастан 17 жас аралығындағы балалар мен жеткiншектер қатысқан. Өзбекстан, Болгария, Қытайдан келген дарын иелерiне ССРО Халық әртiсi, Социалистiк Еңбек Ерi, академик Бибiгүл Төлегенова, ҚР Халық әртiсi Болат Аюханов, ҚР Халық әртiсi Роза Рымбаева төрелiк еткен болатын. «Бозторғай» балалар шығармашылығының Халықаралық байқауы балаларға эстетикалық және өнегелiк тәрбие беру мақсатымен, өнердiң көркем өнерпаздығын дамыта түсу үшiн, жоғары рухани талғамын құру үшiн өткiзiледi»,- дейдi ұйымдастырушылар. Сайыс халық өнерiнiң өзара баю рәсiмдерiн тереңдете түсуге септiгiн тигiзiп, жас топтардың репертуарын жаңартып, халықаралық байланыстарды кеңейте түседi.

Назгүл ҚҰСАЙЫНОВА, ҚарМУ-дың студентi

Серіктес жаңалықтары