ӘНТАБАҚ ПЕН КIТАПШАНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСIЛДI

ӘНТАБАҚ ПЕН КIТАПШАНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСIЛДI

ӘНТАБАҚ ПЕН КIТАПШАНЫҢ ТҰСАУЫ КЕСIЛДI
ашық дереккөзі
227

Таяуда Қарағанды қаласындағы облыстық драма театрында бүкiл қазаққа танымал айтыскер ақын, «Дарын» мемлекеттiк жастар сыйлығының иегерi, Қазақстан Республикасының еңбек сiңiрген қайраткерi Аманжол Әлтаевтың шығармашылық кешi өттi.

Сара Тоқтамысовамен айтысының Әнтабағы мен осы айтыс жайлы шыққан кiтапшасының тұсауы кесiлдi. Кешке өнер шеберлерi Сара Тоқтамысова, Рамазан Стамғазиев, Саят Медеуов, Сейiл Аяғанов, айтыс жүргiзушiсi Жүрсiн Ерман, өнер жанашырлары Өмiрзақ Сәрсенов және осы айтысты қағазға түсiрiп, айтыс жайлы зерттеу мақаласын жазған журналист Несiп Жүнiсбайұлы қатысты.

Аманжол мен Сара сол айтыстарын зал толы көрерменге қайталап ұсынды. Сонымен қатар, Аманжол Әлтаевтың жазба өлеңдерiн театр әртiстерi оқып, жоғарыда аталған әншiлер оның әндерiн орындады. Шығармашылық кеш ақын талантының жаңа қырларын ашты.

Семейден арнайы келген ресми қонақтар айтыскер ақынға шiлде айында осындай кештi Семейде өткiзуге шақырды.

Айнұр БАЗАРБАЕВА, ҚарМУ-дiң студентi

Серіктес жаңалықтары