ҚАШАНҒЫ АРТЫҚШЫЛЫҚ БЕРIЛЕ БЕРЕДI?

ҚАШАНҒЫ АРТЫҚШЫЛЫҚ БЕРIЛЕ БЕРЕДI?

ҚАШАНҒЫ АРТЫҚШЫЛЫҚ БЕРIЛЕ БЕРЕДI?
ашық дереккөзі
312

Соттарға қашанғы артықшылық берiле бередi? Анау бiр жылдары дәрiгерлер мен мұғалiмдер алған жалақысына әрең-әрең күн көрiп жүргенде, «пара алмасын, әдiл шешiм жасасын» деп жалақыларын 50-60 мың теңгеге көтерiп тастағанын бiлемiз. Қайдағы пара алмау, қайдағы әдiл шешiм жасау? Бұдан кейiн де баспасөз беттерiнен олардың терiс әрекеттерiн оқып бiлiп жүрмiз? Ендеше оларға тағы да жақсылық жасаудың не жөнi бар едi? Соттар зейнеткерлiк жарнадан босатылатын болыпты. Зейнеткерлiк есебiне жалақыларының 10 пайызы республикалық бюджеттен бөлiнетiн болыпты. Парламент солай деп шешiм шығарған екен. Сонда деймiн-ау, олардың халыққа сiңген қандай еңбегi барын кiм бiлiптi?

Жазушылар жалақы алмайды. Әйтсе де халыққа рухани азық сыйлайтын құрметтi жандар. Олар бұрын жазған кiтаптарының қаламақысымен жақсы тұрмыс кешетiн. Қазiр ше? Ескерусiз қалған. Ешкiмге керек емес. Жылдап жазған кiтабын әрең-пәрең шығарғанымен оған төленетiн қаламақы мардымсыз. Әлгi соттардың бiр айлық жалақысы мөлшерiнде ғана. Сол соттарға көрсетiлiп жатқан артықшылық жазушыларға неге көрсетiлмейдi екен?

Ал органда iстейтiндер зейнеткерлiкке еңбек стажына қарай (елу жасқа жетпей) шығарылады. Және де оларға ешқандай шектеу жоқ. 30-60 мың теңге аралығында зейнетақы алатынынан хабардармын. Ондай жеңiлдiк оларға қызметтерiнiң адамға қауiптi болуына қарай белгiлеген дегендi естимiн. Ал журналистер қызметiн қауiпсiз деп кiм айтады? Соңғы он жылдың iшiнде шындықты шырқыратып тұрып жазған ондаған журналистердiң кiсi қолынан қаза тауып, өлiм тырнағына iлiнгенiн екiнiң бiрi бiледi. Бiлсе де оларға әлгiндегiдей артықшылық жасалмаған. Сонда бiздiң заңымыз неге кереғар. Парламентiмiз осы жайында неге ойланбайды? Неге оларға да органда iстейтiндердей жеңiлдiктер жасамайды? Түк түсiнсем бұйырмасын.

Шаймерген ӘЛДИБЕКҰЛЫ

Серіктес жаңалықтары