62 ЖЫЛДАН СОҢ...

62 ЖЫЛДАН СОҢ...

62 ЖЫЛДАН СОҢ...
ашық дереккөзі
221

«Шындық қап түбiнде жатпайды». Рас сөз. Мiне, 62 жылдан соң Рахымжан Қошқарбаевтың Реихстагқа бiрiншi болып ту тiккенi анықталып отыр. Бұл ерлiгi жайында кезiнде Қошқарбаевтың өзi де жазған болатын.

Ұлы Жеңiстiң 20 жылдығында соғыс ардагерлерi Мәскеуге шақырылған. Сонда грузин Кантария 150-шi дивизияның Рейхстагқа тiгiлген туын Қызыл алаңға ұстап шығады. Сол топта Рахымжан Қошқарбаев та болған. Ол Кантарияның қолынан туды жұлып алып: «Бұл туды Реихстагқа бiрiншi мен тiккенмiн»,– деген. Шындықты бiлетiндер оған қарсы келмейдi. Қошқарбаевтың сол туды көпшiлiктiң ортасында ұстап тұрған сурет қазiр бар.

Соғыс ардагерi Зекен Темiрғалиев 1962 жылы Ялтада дем алған екен. Шипажайдың мәдени қызметкерлерi оларды Ставрпольға алып барып, соғыс мұражайымен таныстырады. Мұражай қызметкерi Рейхстагқа ту тiккен Егоров пен Кантария деп екеуiнiң суреттерiн көрсетiп жатқанда топ iшiнен оралдық Тәшкенбаев деген ардагер орынынан тұрып: «Бұл мәлiмет қате. Егоров пен Кантариядан бұрын туды Рахымжан Қошқарбаев пен Григорий Болатов тiккен. Сол кезде мен 150-шi дивизияның байланыс бөлiмiнiң бастығы едiм. Дивизия командирi генерал Шаталов 30 мамырда 1-Белорус майданының қолбасшысы Жуковқа Рейхстаг қабырғасына Рахымжан Қошқарбаев пен Григорий Болатовтың Рейхстаг қабырғасына ту тiккенiн хабарлады. Жуков қатты ашуланды: «Неге қайдағы бiр азияттарға ту тiккiздiң? Ертең қалайда бiр орыс пен бiр грузин Рейхстагқа қайта ту тiгетiн болсын», – деп бұйрық бергенiн өз құлағыммен естiдiм. 1 мамырда фашистер аса күштi қарсылық көрсетпедi. Өйткенi, капитулияцияға келiсуге көнген едi. Сол күнi Егоров пен Кантария көп қиындықсыз Рейхстаг үстiне ту тiктi. Қысқасы, оларға сондай мүмкiндiк қолдан жасалынды»,–дедi.

Сол кездегi майдан газеттерi осы оқиға туралы мақалалар жариялайды. Онда Қошқарбаев пен Болатовтың ерлiгi де айтылған. Олар 300 метр жердегi фашизм ұясы Рейхстагқа бораған оқ астынан 7,5 сағатта әзер жетiптi. Григорий Рақымжанды иығына шығарып, туды Рейхстаг қабырғасына неғұрлым жоғары тiккiзгенi өте қиынға түскенi анық. Бұл өлiмге бастарын тiккенмен бiрдей iс екенiне ешкiмнiң де таласы бола қоймас. Содан кейiн-ақ, немiстердiң мысы басылып, ендiгi қарсыласу ешқандай да ақылға сыймайтынын түсiнсе керек.

Совет Үкiметiнiң басшылары бұл соғысты Ұлы Отан соғысы деп жариялады. Барлық ұлтты сол Отанды қорғау үшiн күреске шақырды. Отан бiреу деген ұғымды саналарына сiңiрдi. Қазақтар да сол үшiн жан аямай шайқасты. Ерлiктiң үлгiсiн көрсеттi. Бiрақ сол ерлiктi бағалауға келгенде Совет Үкiметiнiң басшылары нәсiлшiлдiкке, кемсiтушiлiкке бой алдырды. Рақымжан Қошқарбаевтың кезiнде бағаланбай қалған ерлiгi соның мыңнан бiр дәлелi.

Белгiлi жазушысы Борис Горбатов: «Герой штурма Берлина» деген естелiгiнде: «Пора кончать сравнивать наших войнов на орла и беркута. Какой орел, беркут может сравняться на казаха Кошкарбаева, который на моих глазах водрузил Знамя Победы над Рейхстагом, несмотря на сильный и ураганный огонь немцев»,– деп жазды.

Көзi көрген жанның осы жазғандарынан артық қандай дәлел керек?!

Көлбай Адырбекұлы

Серіктес жаңалықтары