КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА ПАРЛАМЕНТТI ТАРАТЫП ЖIБЕРУI МYМКIН

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА ПАРЛАМЕНТТI ТАРАТЫП ЖIБЕРУI МYМКIН

КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ РЕФОРМА ПАРЛАМЕНТТI ТАРАТЫП ЖIБЕРУI МYМКIН
ашық дереккөзі
173

Биылғы жаз «өте ыстық» болатын секiлдi. Ауа -райына болжам жасай алмасақ та, бүгiннен бастап саясат қазанының бұрқ-сарқ қайнайтындығына күмән келтiрмеймiз. Саясаттағы температураның қызуын Президенттiң сөзi көтерiп әкеттi.

Парламенттiң бiрiккен палаталары алдында Конституцияға жасалынатын өзгертулермен (реформалармен) құлағдар еткен Президенттiң айтқандары мынадай болды:

ҚАЗАҚСТАН ПРЕЗИДЕНТТIК БИЛЕУ ФОРМАСЫНАН ПРЕЗИДЕНТТIК-ПАРЛАМЕНТТIК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСIНЕ АУЫСАДЫ;

Бұған дейiн Парламенттiң республикадағы рөлi аса ықпалды емес едi; Ал Президенттiң сайлану мерзiмi 7 жылдан 5 жылға кемитiн болады.

ПРЕМЬЕР БОЛЫП, САЙЛАУДА ЖЕҢIП ШЫҚҚАН ПАРТИЯ ӨКIЛI ТАҒАЙЫНДАЛАДЫ;

Таза батыстық үлгi; Бiрақ, мәселе партияның қай жолмен жеңгенiнде;

ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТТАРЫ ПРОПОРЦИОНАЛДЫ ЖҮЙЕМЕН САЙЛАНАТЫН БОЛАДЫ;

Бұған дейiн депутаттардың 90 пайызы бiр мандаттық жүйе бойынша, сайланып келсе, ендi партиялық тiзiммен сайланатындардың бағы жанатын шығар. Айтпақшы, мажоритарлық (басым екi партиясы бар елдерге тән жүйе. Мәселен, АҚШ пен Ұлыбритания) жүйе мен пропорционалды жүйенi таңдау кезегi келгенде, Мақсұт Нәрiкбаев сынды «Әдiлет» партиясының төрағасы «Мажоритарлық жүйеге қарағанда, пропорционалды жүйеден сабақ алуымыз керек. Мажоритарлық жүйе бойынша Парламент сайлауын өткiзетiн елдерде азшылықтың мүддесi ескерiлмейдi. Дауыстар жоғалып кетедi» деген едi. Соның айтқанынан сабақ алды ғой деймiн, ендi бiздiң Парламентте «азшылықтың мүддесi» кереметтей ескерiлетiн болады. Өйткенi:

ХАЛЫҚТАР АССАМБЛЕЯСЫ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ СТАТУСПЕН БЕКIТIЛЕДI;

Бiр сөзбен, Халықтар Ассамблеясының рөлi Парламент пен министрлiктердiкiнен әсте кем болмайды; 30 адамға артып, саны 107-ге жететiн депутаттардың 8-i Ассамблеяның өкiлдерiнен құралмақ;

ПРЕЗИДЕНТ ТАҒАЙЫНДАЙТЫН СЕНАТОРЛАР САНЫ 15 АДАМ БОЛМАҚ;

Бүгiнге дейiн Президент 7 сенаторды ғана тағайындап келген; Ендi қосылатын 8 сенатордың арасында Халықтар Ассамблеясы өкiлдерi болады;

ПАРЛАМЕНТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САНЫ 154 АДАМҒА КӨБЕЙЕДI;

Қазiр олардың саны 116;

МӘЖIЛIС ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ САНЫ 107 АДАМҒА ЖЕТПЕК

Қазiр олардың саны 77;

ҚОҒАМДЫҚ ҰЙЫМДАР МЕН ПАРТИЯЛАРҒА МЕМЛЕКЕТ ҚАРЖЫСЫНЫҢ ТАРТЫЛУЫ МҮМКIН;

Бiрақ, қаржыландыру мәселесi сайлаудан жеңген партияға келiп тiрелсе, онда дәнеме де өзгермейдi. Өйткенi, қазiргi күнi сайлаудан жеңуi мүмкiн партияның өзi мемлекет қаржысына қол жайып отырғандығына шүбә келтiрмеймiз. Дәлiрегiнде, қаржыландыру көзi бюджеттiң, яки, билiктiң ұңғыл-шұңғылымен байланыстырылады. Ал кез келген елде партия өз мүшелерi тартқан жарна есебiнен қаржыландырылады.

МӘСЛИХАТ ДЕПУТАТТАРЫНЫҢ ӨКIЛЕТТIК МЕРЗIМI 5 ЖЫЛҒА ЖЕТIП, ОЛАРДЫҢ КЕЛIСIМIМЕН ӘКIМДЕР САЙЛАНАДЫ;

Бұған дейiн 4 жыл мерзiмге сайланатын аты бар да заты жоқ мәслихат мандаттары ендi көздiң құртына айналмақ;

Президент Парламент алдында сөйлеген сөзiнде бұл өзгерiстерге демократизациялау жөнiндегi комиссияның есебi мұрындық болғанын ескерттi. 4 жылдың iшiнде 3 рет түрленген Мемлекеттiк комиссия бiраз ұсыныстарды жиып—қорытқаны белгiлi. Ендi, бұл конституциялық реформалар жүзеге асты дегенше, Парламент тарқады дей берiңiз. Тiптi, Әбдiрахманов бастаған кейбiр депутаттар, «сайлаудың осы жылы күзде өтетiндiгi» жөнiнде болжам жасап қалды. Расында, конституциялық реформаның Парламенттiң қазiргi құрамын таратып жiберетiндiгiн бәрiмiз да болжағанбыз. Бұл заңды да. Бiрақ, сайлаудың күзде өтуiн сәл асығыстық дер едiк. Өйткенi, пропорционалды сайлаудың негiзгi «кейiпкерлерi» — партиялар бiздiңше, «Отан» секiлдi алыптың алдында әлi дәрменсiз секiлдi. Сондықтан, ертеңгi күнi Үкiметтi жасақтап, Премьер тағайындайтын да, саяси процестерге дирижерлiк жасайтын да сол «Отанның» өзi болмақ. Тiптi, «Отан» өзiнiң болашақтағы алар «қамалдарына» қазiрден бастап бой үйретiп бастаған секiлдi. Мәселен, Үкiмет басшысын бекiтер кезде де, бүгiнгi реформаны жарияламас бұрын да Президент Назарбаев осы «Отанның» мүшелерi алдында «картаны жайып салды». Алайда, қатарына адам тарту рейтингi бойынша «Отанның» шаңына iлесуден алыс партиялар да қарбаласты бастап жiберген. Екi партияның басын бiрiктiрiп, блокқа айналдыру қазiр үрдiске айналып барады. Мұны түсiнемiз де. Өздерiнiң алдын «Отанның» орап кететiнiн бiлетiн партиялар, сайлаудан өтудiң амалы осы жол екенiн байқаған. Сонымен, «Ақ жол» партиясы мен «Әдiлет» партиясы бiр блоктың құрамынан табылса, коммунистер де күйбеңдеп осындай жолды таңдады. Ғани Қалиев пен Ғани Қасымов та өз партияларын бiр блокқа топтастырды. Оппозициялық партиялар блокқа кiрудiң тиiмдi екенiн баяғыда түсiнген.

… Күн ерте қыза бастады. Биылғы жыл сiрә, ыстық болатын секiлдi…

Гүлнәр Мұқанова

Серіктес жаңалықтары