ДИМЕКЕҢЕ АРНАЛДЫ

ДИМЕКЕҢЕ АРНАЛДЫ

ДИМЕКЕҢЕ АРНАЛДЫ
ашық дереккөзі
231

Ұлы қоғам қайраткерi, дана, кемеңгер, Дiнмұхамед Ахметұлы Қонаев жайында айта берсе, ол кiсiнiң өнегелi өмiрi мен ел үшiн жасаған еңбегi таусылмас. Биыл қаңтарда Димекеңнiң 95 жылдық мерейтойына арналған бiраз шаралардың өткенi белгiлi. Қазiр де жалғасып жатыр. Аудан, қала аттарын беру жөнiнде халықтың тiлек, өтiнiштерi тоқтар емес. Әсiресе, Орал, Қостанай облыстарында ұлы Димекеңдi ұлықтауға байланысты еңбек ардагерлерiнiң өтiнiш, тiлектерi жиi естiледi.

Қазақстанның кейбiр облыс, аудан орталықтарында Димекеңнiң мүсiн-ескерткiштерi орнатылған. Мысалы, Тараз, Қапшағай қалаларында және Бақанас, Желтораңғы ауыл, кенттерiнде Димекеңнiң бюст-ескерткiштерi бар. Ал, көше, даңғыл аттары тiптi, көп. Өйткенi халықтың Қонаевқа деген сүйiспеншiлiгiнде және құрмет-қастерлеуiнде шек жоқ.

Жақында Қонаев мұражайы Димекеңдi еске алудың тағы бiр жақсы шарасын өткiздi. Қонаев гүлзар-алаңында, яғни, Димекеңнiң ескерткiшi тұрған жерде Қонаевқа арналған мүсiн-ескерткiштердiң суреттерi қойылып, студент ақындар өлең-жырларын оқыды. Қонаев атындағы және Агроуниверситеттiң, Қыздар Педагогика институтының студенттерi Димекеңе арналған рухани шараларды жалғастырды. Димекеңнiң серiктерi белгiлi қоғам қайраткерлерi Ж.Еркiнбеков, I.Балтағұлов, З.Камалиденов және С.Жадановтар жастар алдында Димекеңнiң даналығы мен кiсiлiк қасиеттерi туралы әңгiме айтты.

ОРАЗ-АЙ

Серіктес жаңалықтары