БАНКТЕРДIҢ ҚАРЫЗЫ НЕМЕСЕ ДYНИЕЖYЗIЛIК БАНК ЕСКЕРТЕДI:

БАНКТЕРДIҢ ҚАРЫЗЫ НЕМЕСЕ ДYНИЕЖYЗIЛIК БАНК ЕСКЕРТЕДI:

БАНКТЕРДIҢ ҚАРЫЗЫ НЕМЕСЕ ДYНИЕЖYЗIЛIК БАНК ЕСКЕРТЕДI:
ашық дереккөзі
387

Бiз газетiмiздiң алдыңғы нөмiрiнде банктердiң шетелден қарыз алуды жиiлетiп жiбергенiн жазып едiк. Бiздiң газетке шыққан материалға орай Дүниежүзiлiк банктiң Қазақстандағы өкiлдiгi де өз позициясын бiлдiрiптi.

«ҚАЗАҚСТАН ҚАРЫЗДЫ МЕЙЛIНШЕ КӨП АЛАТЫН ЕЛ»

Дүниежүзiлiк банк те сыртқы қарыз мөлшерiнiң артқанын қауiптi деп санайды. Дәлiрегiнде, әлемдiк деңгейдегi банктiң пайымдауынша, Қазақстан бiрнеше жылдан берi сырттан қарызды көп алатын мемлекеттердiң қатарында тұр.

Қарызды молынан алатын мемлекеттер рейтингiн банк екi жағдай бойынша айқындайды екен:

Бiрiншiден, сыртқы қарыздың жалпы көлемi Жалпы Ұлттық Өнiмнiң 80 пайызынан аспауы тиiс;

Ал Қазақстанның Жалпы Ұлттық Өнiмге шаққандағы сыртқы қарызының көлемi бүгiнде 80 пайыздан асып, 100 пайызға жетiп қалған.

Екiншiден, сыртқы қарыздың жалпы көлемi елдiң тауар және қызмет көрсету экспортының көлемiнен 220 пайыздан артпауы тиiс;

Қазақстанда тауар, яғни, дайын өнiм мен қызмет көрсету экспорты жолға қойылмаған. Экономиканың шикiзат экспортына қол жайып отырғаны белгiлi.

Мiне, қарыз алудың бұлайша қарқынмен өсуi қаржы алаңындағы ойыншылар мен Үкiмет алдына бiраз мiндеттеме қояды. «Қалыптасқан ахуалды түзеу үшiн Үкiмет пен қадағалаушы органдар және банктер конструктивтi диалогқа баруы керек» дейдi Дүниежүзiлiк банктiң Қазақстандағы өкiлдiгi.

ҮКIМЕТТIҢ ҚАРЫЗЫ КӨП ЕМЕС, АЛ БАНКТЕРДIҢ ҚАРЫЗЫ…

Сыртқы қарызды Үкiмет және банктер қарызы деп бөлiп қарастырған Дүниежүзiлiк банктiң есебiне қарағанда, Үкiмет қарызынан аса қауiптенбей-ақ қоюға да болады. Өйткенi, Үкiмет өз мойнына алған қарызынан 2000 жылдан берi бiртiндеп құтылып келедi. Егер 2000 жылы Үкiмет қарызы 3,3 млрд.АҚШ долларын құраса, 2006 жылдың аяғында ол көрсеткiш 1,8 млрд.долларға төмендеген. Демек, осыдан жетi жыл бұрын Үкiмет қарызы IЖӨ-нiң (Iшкi Жалпы Өнiм) 18,0 пайызына тең болса, қазiргi қарыздың IЖӨ-ге шаққандағы көлемi 2,3 пайызды құрайды. Халықаралық Валюта қорының алдындағы қарызынан Ұлттық банк толық құтылған. Үкiмет кепiлдiгiмен ұлттық компаниялардың шеттен алған қарызы да аса қомақты емес. Шамамен 600 млн.АҚШ доллары көлемiнде. (Қаржы министрi Н.Коржованың есебiне сүйенсек, Қазақстан Үкiметiнiң жалпы қарызы 9 млрд.АҚШ долларына тең. Г.М) «Алайда, Ұлттық қорда шоғырланған активтердiң 14 млрд. долларға жеткенiн есепке алсақ, мемлекеттiң кепiлдiгiндегi қарыз үшiн аса қобалжымаса да болады» дейдi Дүниежүзiлiк банктiң Қазақстандағы өкiлдiгiнiң сарапшылары.

Алайда, жеке сектордың үлесiне келетiн, оның iшiнде банктердiң шетелдерден алатын қарызы көңiл аударарлықтай қомақты. Соңғы үш жыл iшiнде жеке сектор сырттан қарыз алуды үдетiп жiберген. Тiптi, оның көлемi жылына шамамен 50-60 пайызға өсе келе, 2006 жылдың соңғы шенiнде 33 млрд.АҚШ долларына жеткен.

Жыл сайын сырттан қарыз алудың есебiнен өз капиталын 2-3 есеге дейiн көбейтетiн банк секторының мойнындағы қарызы 23 млрд.АҚШ доллларына жеткен. (Ескерту: Дүниежүзiлiк банк өткен жылдың соңғы айындағы мәлiметтерге сай есеп берген. Одан берi үш ай өткенiнiн ескерсек, қарыз көлемi мұнан да қомақты болуы мүмкiн. -Г.М).

Дүниежүзiлiк банктiң сарапшылары « Банктер қаншалықты дамып, өсiп жатса да Қазақстанның сыртқы қарызының 40 пайызына ие екенiн ұмытпауы тиiс. Сондықтан, олар мейлiнше көп қарыз алу арқылы өздерiнiң тәуекелге бел буатынын түсiнуi керек. Ал сыртқы рынокте кенеттен күтпеген ахуал орнаса, мәселен, шикiзат бағасы күрт құлдырап кетсе, банктер үшiн қиын болады» дейдi.

Дүниежүзiлiк банктiң бiзге берген бұл мәлiметi сыртқы қарыз туралы дабылды тектен-текке қақпағанымызды аңдатады.

Сондықтан, «банктердiң құлағына алтын сырға» деймiз.

Айтпақшы, Дүниежүзiлiк банктiң Қазақстандағы өкiлдiгi Қаржы Ұйымдарын қадағалау агенттiгiнiң банктерге қойған шектеуiн қолдап отыр. Естерiңiзге салсақ, банктердiң сырттан қарыз алуын азайту барысында Ұлттық банк пен агенттiк оларға үш кезеңнен тұратын шектеу қойған. Агенттiктiң қолға алған шараларына сәйкес, банктiң сырттан алған қарызының көлемi оның өз капиталынан аспауы тиiс. Банк басшылары бұл шектеулерге барынша қарсы болып отыр. Ал Дүниежүзiлiк банктiң Қазақстандағы тұрақты өкiлi Сергей Шаталов: «Қазақстан банктерi сырттан несие алу операцияларын тiптi жандандырып жiбердi. Сондықтан, агенттiктiң шектеу қойғаны дұрыс-ақ» дейдi.

Гүлнәр Мұқанова

Серіктес жаңалықтары