«ПРЕМЬЕР – АЛАЯҚ, ДЕПУТАТТАР – ПАРАҚОР»

«ПРЕМЬЕР – АЛАЯҚ, ДЕПУТАТТАР – ПАРАҚОР»

«ПРЕМЬЕР – АЛАЯҚ, ДЕПУТАТТАР – ПАРАҚОР»
ашық дереккөзі

Жерi алақандай, халқы санаулы қырғыздар әлемдi таңғалдырудан жалығар емес. Сарапшылар қауымы Қырғызстандағы саяси тұрақсыздық, әлеуметтiк ахуалдың төмендiгi, кедейшiлiк, жұмыссыздық пен ертеңгi күнге деген сенiмнiң жоқтығы елдi айрандай ұйытуға қабiлеттi нағыз қожайынның болмауынан дейдi…

Қазiр Қырғызстанда «жауқазындық төңкерiстен» кейiн президенттiк тақта екi жыл отырған Бакиевке наразы топ қарасы артып келедi. Оның кадр саясатындағы солқылдақтығын сынға алғандар билiк тiзгiнiнiң негiзiнен оңтүстiктiктердiң қолына көшуi олардың ақылдылығынан емес, жерлестерiнiң Бакиевке деген адалдықтарынан дейдi. «Жығылғанға жұдырық», жуырда ғана қырғыздардың ең танымал оппозициялық «Ағым» газетi Бакиевтердiң отбасылық есепшоттағы 20 миллион долларды шет ел асырып жiбергенi туралы сенсациялық хабар таратты. Алайда, басылым қожайынының оппозицонер (Мелис Эшимбаев) екенiн ескерсек, бұл ақпарат президентке күйе жағуды көздеген арандатушылық әрекет болуы ғажап емес. Осының әсерiнен бе, жуырда үкiметтiк бұқаралық ақпарат құралдарының басшылары үкiметтiк басылымдарға сөз бостандығын дұрыс пайдалану туралы деклорация жариялады. Есесiне, елдегi былықшылықтар мен шенеунiктер мен оппозицияның бiр-бiрiн айыптаулар кеңнен етек алған. Экс-премьер әрi оппозициялық «Қырғызстанның лайықты келешегi үшiн» бiрiккен майданының төрағасы Феликс Кулов қазiргi үкiмет басшысы Данияр Үсеновтiң премьерлiк таққа отыруы үшiн 300 мың доллар пара бергенiн айтады. Бейресми деректерге сүйенсек, кезiнде «жауқазындық төңкерiске» қаржылық тұрғыда демеушi болған Үсенов о бастан Куловты тақтан тайдыруды көздеген көрiнедi. Осы бағытта мақсатты түрде жұмыс iстеп, ақыры бақталасын қызметтен қуып тынады. Айтпақшы, Ақаевтың «халықтан тыққан заңсыз меншiгiн табу үшiн» адвокатқа 500 мың доллар ақша төлеген де – қазiргi премьер Үсенов. Кулов та қарап қалмады, «Вице-премьер Үсенов Қырғызстан парламентiн сатып алды» деп салды. Жогороку Кенеш (Жоғарғы кеңес) депутаты Дооронбек Садырбаев қырғыздардың Бас прокуратурасы не Куловтың, не Үсеновтiң немесе парламенттiң үстiнен қылмыстық iс қозғауы тиiс деген мәлiмдеме жасады: «Кулов парламентке келiп, таққан айыбының растығын дәлелдесiн. Егер оның сөздерi шын болса, Үсенов өзiне сенiм бiлдiрген депутаттардың қайсысына қанша көлемде пара бергенiн айтып берсiн. Парламенттiң пара алғаны шындық болса, Жоғарғы кеңестi таратуға мен өзiм күш салам. Парақор депутат — бүкiл қырғыз елiнiң бетiне шiркеу»…

Қалай дегенмен де, қырғыздар елiндегi саяси беймазалық тегiн емес. Кейбiр сарапшылар дағдарыс соңы Бакиевтiң отставкасымен аяқталады деген сенiмде. Куловтың жақтасы Өмiрбек Әбдiрахманов қазiргi президенттiң отставкасы биыл жазда Бiшкекте жоспарланған Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитiмен тұспа-түс келетiнiн айтты. Бакиев үшiн ШОС саммитi өзiнiң саяси күшiн дәлелдейтiн соңғы мүмкiндiк тәрiздес. Егер жаздағы саммитке дайындық дұрыс жүргiзiлмесе, серiктес елдердiң ешқайсысы қауқарсыз президентпен iстес болуға мүдделiлiк танытасы сөзсiз. Мүмкiн оппозиция көздеген басты мақсат та осы болар. Әйтпесе, олар былтыр желтоқсанда қабылданған «бакиевтiк» Конституцияны жоққа шығаруға сонша тырыспас едi. Сарапшылар қауымы Қырғызстандағы экономикалық дағдарыс, жұмыссыздық пен кедейлiк, ТМД көлемi бойынша ең төменгi әлеуметтiк ахуал мен саяси тұрақсыздықтың басты себебi елде ауызбiршiлiктiң болмауынан және халықты айрандай ұйытуға қабiлеттi нағыз қожайынның әлi күнге табылмауынан дейдi.

Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ