ӘЛ-ФАРАБИДIҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРАСЫ

ӘЛ-ФАРАБИДIҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРАСЫ

ӘЛ-ФАРАБИДIҢ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ МҰРАСЫ
ашық дереккөзі
358

Жуырда Халықтар Ассамблеясының конференц- залында Анель Әзiмханның «әл-Фарабидiң философиялық мұрасы» деген кiтабының тұсаукесерi болды.

Философия ғылымдарының докторы, профессор Анель Ағынқызы Қасымжанованың әкесi Қазақстанда әл- Фараби мұраларын КСРО кезеңiнде зерттеген ғалым. Ал Анель Ағынқызы кiтабын өз атасы Әзiмхан Кенесариннiң атын жаңғырту үшiн Анель Әзiмхан деген есiммен шығарыпты. Ал Әзiмхан Кенесариннiң атақты Алаш Ордаға қозғалысына қатысы болғаны белгiлi. Бiрақ, ол жайлы көп зерттеле қоймаған.

Мiне, философия ғылымдарының докторы, профессор Анель Әзiмхан тұсау кесiлiп отырған кiтап жобасының әрi меңгерушiсi әрi авторы екен. Кiтап шығарушысы Жанар Аманжолова осылай дейдi. Кiтап болса, мәдениет басқармасының бастамасы бойынша шығарылған. Жобаға ресейлiк ғалымдар Тауфик Камель Ибрагим мен Наталья Владимировна Ефремова қатысқан. Олар әл-Фарабидiң «Ең мықты қала тұрғындарының көзқарастары жайлы трактаттарды» аударған. Ал сыншы ретiнде Қазақстан ҰҒА академигi, КазГИУ жанындағы кыпшақтану институтының директоры Б.Е.Көмеков пен мәскеулiк әйгiлi фиолософ В.В Соколов сөйледi.

Халықтар Ассамблеясы қорының бас директоры В.И.Гребнев, кiтаптың Достық үйiнде тұсауын кескенiне назар аударды. Өйткенi, мұнда қырыққа жуық мәдениет орталықтары жұмыс iстейдi. Аталған кiтап кiтапхананың қорына кiретiн болады.

Өз сөзiнде Анель Әзiмхан бұл кiтап Алматы мен оның тұрғындарына арналғанын сөз еттi. Өйткенi, дәлi осы қалада әл- Фарабидiң 1100 жылдығына арналған әлемдегi ең алғашқы, iрi конференция өткен. Әрi бұл қалада Ұлы ұстаздың атымен аталатын университет орналасқан. Бұған қоса, дәл осы қалада ең алғаш рет әл-Фарабидiң шыққан тегi туралы әңгiме қозғалған.

А.Әзiмханның айтуынша, әлемдiк мәдениеттiң дамуындағы ортақ жайттарды анықтау философтың шығармашылығының негiзi болған. Осы жайт философия ғылымын дамытып, өзге де ғылымдардың қарқындауына үлес қосқан. Жиналғандар, Фарабта туылып, өз Отанының рухани құндылықтарымен тығыз байланыста болған әл-Фарабидiң мұрасын зерттеудiң маңыздылығына ден қойды. әл- Фарабидi бүкiл әлем бiлетiнiн әл- Фараби атындағы университеттiң бiрiншi проректоры З.А.Мансуров та айтты. Бұл ойды онан әрi Грецияның Қазақстандағы дипломатиялық миссиясының өкiлi Г.Парфениу да жалғастырды. Ол Платон, Аристотель, әл- Фараби секiлдi даналардың философиясы бүкiл әлемнiң мақтанышы дейдi. Эллада елiнiң өкiлi әртүрлi мәдениеттi түсiну үшiн философияның орны бөлек дейдi.

Серіктес жаңалықтары