Самаранч: Олимпиада өткізуге Алматыда қонақүй жеткіліксіз

Самаранч: Олимпиада өткізуге Алматыда қонақүй жеткіліксіз

Самаранч: Олимпиада өткізуге Алматыда қонақүй жеткіліксіз
ашық дереккөзі
245

Қазақстан 2022 жылғы қысқы Олимпиаданы Алматыда өткізуге өтініш білдіргені белгілі. Қазіргі таңда Халықаралық олимпиада комитеті Алматы мен оның негізгі бәсекелесі – Бейжің қаласының мүмкіндіктерін салыстырып, дұрыс таңдау жасау үшін жіті зерттеу жүргізуде. ХОК мүшесі әрі Испаниядағы Ұлттық олимпиада комитеті басқармасының мүшесі Испании Хуан Антонио Самаранчтің айтуынша, олимпиаданы өзінде өткізу үшін екі қалаға да бірқатар өзгерістер керек. ХОК мүшесінің сөзіне сүйенсек, Бейжің «ауа температурасының төмендігіне қатысты туындайтын проблемаларды ұтымды шешу тұстарын әлдеқайда нақтырақ түсіндірудің жолын іздеуі керек», өйткені жақында ғана осы қалада болып қайтан ХОК комиссиясы бірқатар аймақтарға жасанды қар жеткізу мәселесі. Самаранч Алматының кемшілігіне де тоқталды. «Ал келесі үміткер қала – Алматыға келетін болсақ, қала альпілік талаптарға сай, тау жыныстарының етегінде орналасқан және Олимпиада үшін бөлінген аймақтар қала орталығынан бар-жоғы 30 шақырымдай жерде орналасқан, –дей келе ХОК мүшесі оңтүстік астанамыздың олқылығын да атап өтті. Оның айтуынша. «Алматыда қонақүй тапшылығы бар». Самаранч 31 маусымда өтетін дауыс беруге дейін қос қала да аталған түйткілдерді шешуге ден қоюы керектігін ескертті. Алматы мен Бейжің өз өтініштерін өткен сейсенбі күні Лозаннада ХОК мүшелеріне ұсынған болатын.

Серіктес жаңалықтары