БАЛАЛАРДЫҢ ТЕЛЕАРНАСЫ БОЛУЫ КЕРЕК

БАЛАЛАРДЫҢ ТЕЛЕАРНАСЫ БОЛУЫ КЕРЕК

БАЛАЛАРДЫҢ ТЕЛЕАРНАСЫ БОЛУЫ КЕРЕК
ашық дереккөзі
279

“Мемлекеттiк тiл – қазақ тiлi” дегенде бөркiмiздi аспанға атып қуанып едiк. Бiрақ ертерек қуанған екенбiз. Әлi де бiзде шетел тiлi – орыс тiлiнiң дәуренi жүрiп тұр. Әлi есiмде 1989 жылы мемлекеттiк тiл – қазақ тiлi болып бекiтiлгенде барлық ақпарат құралдары “қай қала қай жылы мемлекеттiк тiлге көшедi?” деп құлаққа жағымды хабар жариялаған болатын. Сонда, ұмытпасам, Алматы қаласы мемлекеттiк тiлге 2000 жылы көшедi делiнген. Иә, алғашқыда қазақ тiлiне деген құлшыныс әжептәуiр болатын. Қазақтарды айтпағанда, орыстардың өзi балаларын қазақ мектептерiне бере бастаған едi. Кейiн жақсы басталған iстi қожыратып алдық. Бүгiнде Қазақстан Конституциясында ресми тiл деп аталған орыс тiлi ғана қалып отыр. Сөйтiп мемлекеттiк тiлiмiз санда бар да санатта жоқ бейшара тiлге айналды. Бұған кiнәлi кiмдер дегенде өз басым мемлекетiмiздiң басында отырған шенеунiктердi айтар едiм.

Ақпарат құралдары, соның iшiнде теледидардың сөзi негiзiнен орыс тiлiнде. Сенбесеңiз қай арнаны бұрап қалсаңыз да онан орыс тiлiнде сөйлеп жатқандарды көресiз. Спутник арқылы таратылатын ертеден кешке дейiн орысша шүлдiрлеп жататын балаларға арналған бiр арна бар ғой. Менiң бiлуiмше балалардың бәрi сол арнаны көруге құштар. Ал ендi осы арнаны көруге құштар қазақ балаларының онсыз да оңып тұрмаған өз тiлi қалай дамиды? Олардың тiлiнiң дамуы үшiн қазақ балаларына ертеден кешке дейiн көрсетiлетiн өз арнасы, яғни, қазақша арнасы болса, олардың тiлiнiң ұштала түсуiне ықпалы мол болар едi. Мiне, бiздiң ақпарат құралдары басында отырған мырзалар осы ойымыздан қорытынды шығарып, болашағымыз – балалар үшiн сондай арна ашып жатса, онда олардың бұл еңбегiн халқы да құптап, ризашылық сезiмiн бiлдiретiнiне еш күмәнiм жоқ дер едiм.

Өскенбай ҚҰЛАТАЕВ, зейнеткер

Серіктес жаңалықтары