Қазақстанның 17 өңірінде және Астанада 19 қазан, жексенбі күніне дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды turkystan.kz "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.
Астанада түнде және таңертең тұман түседі.
Абай облысында оңтүстік-шығыстан соққан жел күндіз оңтүстік-батысқа ауысады, облыс орталығында екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.
Алматы облысының солтүстігінде 18–24 қазан аралығында ерекше жоғары өрт қаупі, ал батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының оңтүстігі мен шығысында жоғары өрт қаупі, ал батысы, солтүстік-шығысы және орталығында ерекше жоғары өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында, оңтүстігінде және шығысында түнде және таңертең тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Атырау облысында күндіз батысы мен оңтүстігінде оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с болады. Солтүстігінде, оңтүстігінде және шығысында ерекше жоғары өрт қаупі, ал солтүстік-шығысы мен оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі бар.
Шығыс Қазақстан облысында шығыстан және оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні күндіз 15–20 м/с дейін күшейеді.
Жамбыл облысының таулы аймақтарында түнде және таңертең тұман түседі, солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы 15–20 м/с. Облыстың батысы мен солтүстігінде ерекше жоғары, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысында оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні облыстың шығысында 15–20 м/с дейін жетеді.
Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз оңтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с. Облыстың оңтүстігінде ерекше жоғары өрт қаупі бар.
Қарағанды облысының солтүстігі мен шығысында түнде тұман күтіледі.
Қызылорда облысында түнде 1–6 градус үсік жүреді. Облыстың солтүстігі мен орталығында жоғары, ал жалпы аумағында ерекше жоғары өрт қаупі сақталады.
Қостанай облысының солтүстігі мен шығысында түнде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең шығысы мен оңтүстігінде тұман болады. Батысы мен солтүстігінде желдің жылдамдығы 15–20 м/с дейін жетеді. Оңтүстігінде ерекше жоғары, ал оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі бар.
Маңғыстау облысында оңтүстік-шығыстан соққан жел күндіз оңтүстігінде 15–18 м/с дейін күшейеді. Облыс аумағында жоғары өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының батысы мен солтүстігінде күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с болады.
Солтүстік Қазақстан облысының батысы, солтүстігі және оңтүстігінде түнде көктайғақ күтіледі. Түнде және таңертең батысы мен оңтүстігінде тұман түседі. Күндіз оңтүстік-батыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с.
Түркістан облысының таулы асуларында солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 15–20 м/с, облыс аумағында ерекше жоғары өрт қаупі бар.
Ұлытау облысының оңтүстігінде ерекше жоғары, ал шығысы мен орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.