Қыздарды жеңіл жүріске итермелеген 148 қылмыстық іс тіркеген

Қыздарды жеңіл жүріске итермелеген 148 қылмыстық іс тіркеген

Қыздарды жеңіл жүріске итермелеген 148 қылмыстық іс тіркеген
ашық дереккөзі
204

Жыл басынан бері елімізде жезөкшелікпен айналысуға тарту фактісі бойынша 148 қылмыстық іс қозғалған. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның кеңейтілген отырысында ҚР Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов хабарлады. Министрдің сөзіне сүйенсек, биылғы жылдың ішінде елімізде адам саудасына қатысты 14, кәмелеттік жасқа толмағандарды саудалаудың 32, жұмысқа жегу мақсатында заңсыз бас бостандығынан айыру бойынша 2 және жезөкшелікке салу бойынша 148 қылмыстық іс қозғалыпты. «Мәселен, өткен жылы біз құрамында 6 адам бар қылмыстық топтың қызметіне тосқауыл қойдық. Олар ұзақ жылдар бойы Алматы қаласында қыздарды жезөкшелікке тартумен, жезөкшелер үйін ұйымдастырумен және жеңкетайлықпен айналысып келген. Қазіргі уақытта бұл іс сотта қаралуда», – деді Қасымов.

Серіктес жаңалықтары