ҮНДIЛЕРДI СҮЙIНДIРГЕН ОРКЕСТР
ҮНДIЛЕРДI СҮЙIНДIРГЕН ОРКЕСТР
Өткен аптада атақты скрипкашы Марат Бейсенғалиев басқарған Батыс-Қазақстан филармониялық оркестрінің Мумбаи және Пуна атты үнді қалаларында концерттері өтті.
Концерттік бағдарламаға дүниежүзінің атақты сазгерлерінің классикалық шығармаларымен бірге сазгер А.Серкебаевтың осы оркестрге арнайы жазған қазақтың күйлері де қосылған. Үндістан жұртшылығы әртістерді жылы қабылдады және олардың керемет шеберлігіне жұртшылық тәнті болып, жоғары бағалар беріп отырды.
Қазақстан өнер шеберлерінің Үндістанға келуі мәдениет саласындағы екіжақты ынтымақтастық шеңберінде жүргізілді және мәдени алмасулардың ізгі дәстүрі болып қалыптасты.
Соңғы уақыттарда тұрақты негізде өтіп жатқан концерттік бағдарламалармен қоса М.Бейсенғалиев Мумбайдың Ұлттық орындаушылық өнері орталығымен үндінің бірінші мамандандырылған симфониялық оркестрін құруда жұмыс жүргізіп отыр. Осы мақсаттарға сәйкес ол 2006 жылы Мумбайға келіп біріккен репетиция жасауды жобалауда.