Әзiрбайжан төңкерiске әзiр ме?

Әзiрбайжан төңкерiске әзiр ме?

Әзiрбайжан төңкерiске әзiр ме?
ашық дереккөзі
288

Сарапшылар пiкiрiнше, қазiргi саяси оқиғалар мен құбылыстардың барлығына негiзгi кiнәлi – Әзiрбайжанның экс-спикерi Расул Гулиев. 1996 жылдан берi Америкада тұрып жатқан Гулиев үстiмiздегi жылдың қазан айының басында-ақ елге оралуға әрекет еткен. Алайда байбаламға басқан билiк оны елдiң есiгiнен де қаратпады. Журналистерге экс-спикердiң елге бүгiн, яғни, 3 қарашада келетiнiн мәлiмдеген радикалдық бағыттағы Әзiрбайжанның демократиялық партиясы төрағасының бiрiншi орынбасары Сардар Жалалоғлы: «Гулиев соттың алдында жауап беруден қашпайды, алайда елге келгенде оның жеке басының қауiпсiздiгiне ешқандай кепiлдiк жоқ» дедi.

Халықаралық сарапшылардың кейбiрi: «Парламенттiк сайлаудан кейiн Әзiрбайжанда да «түрлi-түстi төңкерiс» орын алады. Ондағы төңкерiстiң түсi – қан-қызыл» деп алдын ала тон пiшiп қойған. Олардың пiкiрiнше, әзiрбайжандық қоғамдағы саяси оқиғалардың басым бөлiгi Киев, Тбилиси мен Бiшкектегi «түрлi-түстi төңкерiстер «сценарийi» бойынша жүзеге асырылуда. Оның үстiне, елдегi шенеунiктердiң көпшiлiгiне Қылмыстық кодекс бойын¬ша түрлi айыптар тағылып, тұтқынға алу оқиғалары да толастар емес (бұл туралы газетiмiздiң өткен санындағы «Әзiрбайжандағы төңкерiстiң түсi қан-қызыл» деген мақалада хабарлаған болатынбыз). Солардың бiрi – ӘДП төрағасының орынбасары Натик Эфендиевке ӘР Қылмыстық кодексiнiң 220-бабы (жаппай тәртiпсiздiктi ұйымдастыруға дайындық жасау), 228-бабы (заңсыз қару сақтау), 278-бабы (билiктi күштеп тартып алуға әзiрлiк жасау) бойынша айып тағылды.

Мұндай саяси оқиғалардың қоғамның саяси ахуалына да әсер еткенi анық. Мысалы, Әзiрбайжандағы Демократиялық журналистер лигасының Баку мен сумгаит қалаларында жүргiзген әлеуметтiк сауалнамаға қатысқан 800-ге жуық адамның 48 пайызының оппозицияны жақтайтыны анықталған. Респонденттердiң 54 пайызы қазiргi парламенттiк құрамды өзгерту керектiгiн айтқан.

Негiзi 2005 жылдың 6 қарашасы күнгi парламенттiк сайлау туралы сарапшылар пiкiрi сан-алуан. Сайлаудан кейiнгi жағдайды да олардың ешқайсысы тап басып айта алмайды. Сондықтан бүгiнгi таңда Орталық Азия елдерiн ғана емес, әлем назарын өзiне аударып отырған аса маңызды саяси оқиғаға нақты баға беру үшiн сайлауға халықаралық бақылаушы ретiнде қатысуға бекiндiк.

Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары