Мемлекет басшысы Бейбарыс Қабыланды құттықтады

/
Мемлекет басшысы Бейбарыс Қабыланды құттықтады

Мемлекет басшысы таеквондодан Әлем чемпионы Бейбарыс Қабыланды құттықтады, деп хабарлайды turkystan.kz.

– Бейбарыс Қабыланды таеквондодан 21 жасқа дейінгі жастар арасында Әлем чемпионы атануымен құттықтаймын! Ол Кенияда өткен байрақты бәсекеде еліміздің мерейін үстем етіп, Қазақстан тарихында таеквондодан алғашқы алтын жүлдені жеңіп алды. Спортшының алар асуы, бағындырар биігі көп болуына тілектеспін, – делінген құттықтауда.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстан спортшысы Бейбарыс Қабылан Кенияда өтіп жатқан таеквондодан (WT) 21 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Әлем чемпионы атанғаны туралы жазған едік.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары