ОҚО жасөспірімдері суық қаруға неге құмар?
ОҚО жасөспірімдері суық қаруға неге құмар?
Оңтүстік Қазақстан облысындағы мектеп оқушылары мен студенттер арасында өзімен бірге суық қару алып жүру деректері көбейген. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметі хабарлады. Мәселен, Еңбекші аудандық прокуратурасының №39 жалпы орта мектебінде рейдтік іс-шаралар ұйымдастыру барысында аталған мектептің 9 сынып оқушысының сөмкесінен тапанша табылып, тәркіленген. Сонымен бірге, әлгі оқушы тәртіп сақшыларына өз еркімен «Байкал» маркалы тапаншаны тапсырды. Бұл оқиға бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 1-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, қазіргі таңда тексеру амалдары жүргізілуде. Жасөспірімдердің суық қару алып жүру оқиғасы әл-Фараби ауданында да тіркелді. Аудандық прокуратураның қызметкерлері «Отырар» колледжінің 1 курс студентінен үш дана оқ-дәрі тәркіледі. Осы дерек бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 2-бөлігімен қылмыстық іс қозғалып, 1998 жылы туған О.Қарынбаев пен 1999 жылы туған Қ.Болат күдікті ретінде жауапқа тартылды.