Эмомали Рахмон тәжік тілі мен мәдениетін қорғауға шақырды

Эмомали Рахмон тәжік тілі мен мәдениетін қорғауға шақырды

Эмомали Рахмон тәжік тілі мен мәдениетін қорғауға шақырды
ашық дереккөзі
Эмомали Рахмон тәжік тілі мен мәдениетін қорғауға шақырды. Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон тәжік тілін құрметтеу, елдегі зиялы қауымның маңызды міндеті деп мәлімдеді. «Біз "тәжік ұлты", "тәжік тілі", "тәжік мәдениеті", "тәжік әдебиеті" деген сөз тіркестерін мақтанышпен айтуымыз керек. Біз анамызды және Тәжікстанды қалай сүйсек, оларды да солай сүюіміз керек», - деді мемлекет басшысы Наурыз мейрамы қарсаңында Тәжікстанның зиялы қауым өкілдерімен кездесу кезінде. Эмомали Рахмон зиялы қауымды ұлттық мүддені қорғауға шақырды. Оның сөздерінше, интеллигенция өкілдері ұлттық құндылықтар және тәжік тілі жайында сөз болғанда, тек бақылаушы ретінде ғана болмауы тиіс, олар ашық пікір білдіріп, қарсылық білдіріп отыруы қажет деп есептейді. «Сіздер тілін, дінін сатқандарды ашық айыптауларыңыз керек. Олардың өздерін тәжікпін деп санауға моральдық құқықтары жоқ», - деді Эмомали Рахмон. Тәжікстан президенті жанындағы стратегиялық зерттеу орталығының директоры Сайфулло Сафаров мемлекет басшысы мемлекеттік тілі аясындағы дауға нүкте қойды дейді. «Үкімет пен ғалым, тіл зерттеушілердің ұстанымы өзгеріссіз – Тәжікстанда бір ғана мемлекеттік тіл бар, ол парсы тілі емес, тәжік тілі», - деді ол.