Қырғызстан Ресейге 56 бақылаушы жібереді

Қырғызстан Ресейге 56 бақылаушы жібереді

Қырғызстан Ресейге 56 бақылаушы жібереді
ашық дереккөзі
275
Қырғызстан 18 наурыздағы Ресей президенттік сайлауына 56 бақылаушысын жібереді. Бұл туралы Қырғызстанның сайлау және референдумдар өткізу жөніндегі орталық комиссиясы хабарлады. Ресми мәліметтерге қарағанда, Ресейдің орталық сайлау комиссиясы екі адам шақыртқан болса, Шанхай ынтымақтастық ұйымынан - 3, ТМД бойынша - 27, ЕҚЫҰ Адам құқықтары және демократиялық институттар жөніндегі бюро миссиясы - 16, ТМД Парламентаралық ассамблеясы - 2, Ұжымдық қауіпсіздік шарты ұйымының парламенттік ассамблеясы – 1, ЕҚЫҰ парламентаралық ассамблеясы – 3, Жогорку Кенеш екі адам жібереді. Қырғызстанда Ресей президенттік сайлауы кезінде алты сайлау учаскесі ашылады. Олар Бішкек, Ош, Кант, Қаракөл, Қара-Балта, Шолпан-Ата қалаларында орналасқан. 56 адамның 13-і сайлауға Қырғызстан аумағында бақылау жасайды.

Серіктес жаңалықтары