Мирзияев жұмыс сапарымен Қазақстанға барады

Мирзияев жұмыс сапарымен Қазақстанға барады

Мирзияев жұмыс сапарымен Қазақстанға барады
ашық дереккөзі
293
Мирзияев жұмыс сапарымен Қазақстанға барады. Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыртумен 15 наурызда Астанаға барады. Орталық Азия елдері басшыларының бас қосуы Өзбекстан президенті бастамасымен өткелі жатыр. Былтыр қыркүйек айында БҰҰ Бас Ассамблеясының 72-сессиясында Орталық Азия ынтымақтастығын көтерген Шавкат Мирзияев қараша айында Самарқанда "Орталық Азия: өткеніміз бір, болашағымыз ортақ, тұрақты даму және өзара гүлдену жолында ынтымақтасу" деген тақырыпта халықаралық конференция өткізген. Өзбекстанның бұл бастамасын аймақтың барлық басшылары қолдады. Қазақстан жоғары деңейде бірінші кездесуді Астанада өткізуді ұсынған. Мирзияев сапары барысында Қазақстандағы Өзбекстан жылының салтанатты ашылу шарасына қатысады. Сонымен бірге Шавкат Мирзияев пен Нұрсұлтан Назарбаевтың екі жақты кездесуі жоспарланып отыр.

Серіктес жаңалықтары