343
Халықтың әлеуметтік деңгейі басты назарда
Халықтың әлеуметтік деңгейі басты назарда
Алматы облысы Іле ауданы Өтеген батыр аулында жергілікті халықтың әлеуметтік жағдайы мен өмір деңгейі басты назарда. Мәселен, аталмыш елді мекенде бірнеше әлеуметтік жоба жүзеге асырылады. Атап айтқанда, қарттарға арналған бильярд, шахмат және әжейлер ансамблі ұйымдастырылса, жағдайы төмен отбасылардың балаларына тіл курстары тегін оқытылады. Ал мүмкіндігі шектеулі жандарға арнайы кәсіптік курстар ұйымдастырылып келешекте жұмысқа тұруына көмек беріледі. Ал бірнеше жылдан бері осы жобалар бір орталыққа біріктіріліп, жаңа ғимарат берілген. Аталған әлеуметтік жобалар Іле ауданы әкімдігі мен «Филип Моррис Қазақстан» ЖШС демеуімен жүзеге асқан.
Апта басында Әле ауданы халқының әлеуметтік өмір деңгейін жақсартуға бағытталған Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қою рәсімі өтті. Рәсімге Іле ауданы әкімі Қ.Медеуов, ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті басшысы З.Агибетов, «Филип моррис Қазақстан» ЖШС қоғаммен байланыс жөніндегі директоры А.Жетпісова, «Болашақ» әлеуметтік-азаматтық базисі» қоғамдық бірлестігі атқарушы директоры М.Бекходжаева және «Прогресс» политехникалық колледжінің директоры Ж.Телпекбаева болды.
2003 жылдан бастап жүзеге асырылып жатқан «ҰОС ардагерлері мен Ленинград қаласы қоршауда болған адамдарды қолдау жобасы» Жеңіс күніне орай қаржылай көмек көрсетуге бағытталған. Ал 2007 жылдан бері «Әлем тілдері орталығында оқу» жобасы бойынша әр бес ай сайын жағдайы төмен отбасылардың балалары ағылшын тілін тегін үйренеді. 2010 жылдан бастап «Филип Моррис Қазақстан» компаниясы пен «Прогресс» политехникалық колледжі арасындағы ынтымақтастық аясында ерекше қажеттіліктері бар азаматтарға кәсіби-техникалық білім беруге және олардың жұмыспен қамтуға жәрдемдесуге бағытталған жоба табысты түрге іске асырылуда. Осы аралықта орталықтан 200-ден астам тігінші, наубайшы, массаж жасаушы, компьютер сауаттылығы бойынша маман дайындалған. Сонымен қатар «Бизнесті жол картасы 2020» бағдарламасы аясында былтыр «Болашақ» ұйымы «Іле ауданының бизнес идеяларды дамыту орталығы» пилотты юобасы барысында 25 кәсіпкердің ішінен өз ішін ашуға ұмтылған үшеуін іріктеп алып, алдағы уақытта қосымша көмек көрсетпек.