Ресейде несие жарнамасына ірі көлемде айыппұл салынады

Ресейде несие жарнамасына ірі көлемде айыппұл салынады

Ресейде несие жарнамасына ірі көлемде айыппұл салынады
ашық дереккөзі
274

Ресей депутаттары несие жарнамаларының соңынан майшам алып түсті. "Справедливая Россия" фракциясының жетекшісі Сергей Миронов банк несиелері мен қарыздардың жарнамасына тыйым салуды ұсынды. Мұндай заң жобасын ол Мемлекеттік думаға 9 маусымда енгізуді жоспарлап отырған көрінеді. Құжатта несие мен қарыз жарнамасын таратуға азаматтарға 5 мың, ал жеке кәсіпкерлерге 50 мың рубльге дейін, заңды тұлғаларға 1 миллион рубльге дейін айыппұл салу қарастырылған. Заң жобасына сәйкес, банктер өз қызметтерін тек жеке кеңселерде жарнамалай алады. Заң жобасын түсіндіру жазбасында "тұтыну несиелерін сыртқы жарнама, телевизия және радиотарату, SMS-хабарлама, қағаздар, жарнамалар арқылы кең жарнамалаудың жаппай әлеуметтік араздық туғызу мәніне ие" екені, ал "халықтың несиені жаба алмау мүмкіндігінің экономикалық мәселелердің елеулі факторы ғана емес, сонымен қатар жалпы әлеуметтік шиеленісуіне айналғаны" жазылған. Депутат жарнама таратушыларға айыппұл салу бұл мәселені шешеді деген ойда. Смирнов бұл қадамның қайтарылмаған қарыздар турасындағы арыздардың мөлшерін азайтуға, тұтыну несиелерінің төлем пайыздарының азаюына, азаматтардың әлеуметтік жауапкершілігін арттыруға және олардың қаржылық тәуелсіздігін нығайтуға мүмкіндік беретініне сенімді. Бұл тәжірибе Ресейде нәтижесін беруі мүмкін, бірақ Қазақстанға енгізілер болса, тиімділігін көрсете алатыны күмәнді. Өйткені той жасаса да, басына баспана, астына көлік алса да несиеге жүгіретін қазаққа жарнама кедергі бола қоймас.

Серіктес жаңалықтары