Қазақстанның 7 әуе компаниясы Еуропаға ұша алады

Қазақстанның 7 әуе компаниясы Еуропаға ұша алады

Қазақстанның 7 әуе компаниясы Еуропаға ұша алады
ашық дереккөзі
Отандық «FLY JET.KZ» және «Jet Airlines» АҚ авиакомпаниялары Еуропаға ұшуға рұсқат алды. Бұл туралы ҚР ИДМ Азаматтық авиация комитетінің Фейсбуктегі парақшасында хабарланды.  «Бүгінгі таңда жеті отандық әуе компания Еуроодақ елдеріне ұшу мүмкіндігіне ие болып отыр. Бұдан бұрын «Air Astana» АҚ, «Prime Aviation» АҚ, «Қаз Air Jet» АҚ, «Comlux-KZ» ЖШС, «SCAT» әуе компаниялары ұшу қауіпсіздігі бойынша Еуропалық агенттіктің (EASA) авторизация рәсімінен өткен болатын. Еске сала кетейік, қазақстандық әуе компаниялардан Еуропаға ұшу шектеулері толығымен алынып тасталған», - делінген хабарламада. Азаматтық авиация комитетінің хабарлауынша, үшінші елдерден Еуропа одағына ұшақ ұшыру үшін Еуропалық Комиссия (ТСО) тасымалдаушыларға міндетті түрде рұқсат беру талаптарын енгізген. Аталмыш авторизациялау процедурасын ұшу қауіпсіздігі (EASA) жөніндегі Еуропалық агенттік жүзеге асырады. Рұқсат беру рәсіміне сәйкес, пайдаланушы ұшатын күніне дейін EASA-ға өтініш беруі керек.