Сұлтанғали Қаратаев дүниеден өтті

Сұлтанғали Қаратаев дүниеден өтті

Сұлтанғали Қаратаев дүниеден өтті
ашық дереккөзі
427
Қазақстанның алғашқы қазақ тілді спорт комментаторы Сұлтанғали Қаратаев 82 жасында бақилық болды. Сұлтанғали Қаратаев Өткен ғасырдың 70-ші жылдары Алматының Орталық стадионында алғаш рет спорттық шараны қазақ тілінде жүргізген. Оның спорттық репортаждары әлі күнге дейін алтын қорда сақтаулы тұр. Спорт комментаторы қазір қазақ тілінде қолданылып жүрген көптеген спорттық терминді ойлап тапқан. Қазақстанның спорттық журналистикасына қосқан үлесі де зор. Оның авторлығымен спорт тақырыбында талай мақалалар жарық көрді. Қазақстанның футбол федерациясы Сұлтанғали Қаратаевтың қазасына орай туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтады.  

Серіктес жаңалықтары