294
Астана абақтысынан қашқан күдікті Қарағандыдан ұсталды
Астана абақтысынан қашқан күдікті Қарағандыдан ұсталды
Астанадағы уақытша ұстау абақтысынан қашып кеткен күдікті ұсталды. Тәртіп сақшылары оны Қарағанды облысында қолға түсірді. Бұл туралы ҚР ІІМ қылмыстық атқару жүйелері комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
Қашқын кеше, яғни 26 ақпан күні түн жарымында Қарағанды облысы Нұра ауданының Ахмет ауылында ұсталған.
"Қарағанды облысы ІІД Нұра аудандық ішкі істер органдарының қызметкерлері қырағылық танытты. Олар іздеу шаралары кезінде "Жигули" көлігін тоқтатқан, тексеріс кезінде Арғымбаев жолаушы ретінде отырғаны анықталды", — деп түсіндірді баспасөз қызметі.
Арғымбаев қарсылық көрсетпеген, ол бас бостандығынан айыру орнына қайта жеткізіледі.
36 жастағы Қарағанды облысы Нұра ауданы Киевка елді мекенінің тұрғыны 25 ақпан күні ғимараттың бір қабатты корпусына жапсарлас орналасқан серуендеу алаңынан қашып кеткен. Бұған дейін ол тонау және ұрлық жасағаны үшін сотталған.