Қарағандыда тіс емханасында екпеден кейін екі жасар бала мерт болды

Қарағандыда тіс емханасында екпеден кейін екі жасар бала мерт болды

Қарағандыда тіс емханасында екпеден кейін екі жасар бала мерт болды
ашық дереккөзі
242
Қарағандыдағы тіс емханаларының бірінде  екі жасар бала көз жұмды. Бүлдіршін  венаішілік наркоз еккеннен кейін мерт болған. Бұл туралы ekaraganda.kz хабарлады.  "Маусымда екі жасқа толуы тиіс Семённің ата-анасы сол күні баланы Қарағандыдағы жеке тіс емханасына алып келген. Тісжегіні наркозбен емдеуге шешім қабылданады. Вена ішілік анестезия еккеннен кейін ол анафилаксиялық шок тудырып, салдарынан бала көз жұмған", — деп жазды портал. Ольга Никулина баланың ата-анасы Ресей азаматы екенін, Қазақстанда келісімшартпен қызметте жүргенін айтты. "Баланың ата-анасы клиникада екі құжатқа қол қойған. Анасы дәрігерлерге кейбір тамақтарға аллергиясы бар екенін ескерткен. Дәрігерлер анестезия егуден бұрын аллергиялық реакцияға сынама алмаған", — дейді әйел. Дәрі еккен кейін, оның айтуынша, баланың жағдайы нашарлап, жүрегі тоқтап қалған, содан кейін жедел жәрдем шақырылған. Бала жансақтау бөлімінде көз жұмды. "Жүрегі тоқтап қалған. Олар өздері құтқармақ болып, адреналин еккен, содан кейін жедел жәрдем шақырған", — дейді Ольга Никулина. Баланың ата-анасы полицияға арыз жазды. Баланың мәйіті Ресейге – Омбы облысына жеткізілді.  

Серіктес жаңалықтары