"Каримов қабырғасы" құлады

"Каримов қабырғасы" құлады

"Каримов қабырғасы" құлады
ашық дереккөзі
292
Өзбекстан мен Тәжікстан шекарасындағы "Саразм-Жартепа" тексеру және өткізу бекетіндегі тұрғындар арасында "Каримов қабырғасы" аталып кеткен үлкен қабырға бұзылды. Бұл туралы Азаттықтың Өзбек редакциясы хабарлады. Қабырға 18 ақпан күні бұзылған және оған Өзбекстан мен Тәжікстан шекара қызметтерінің өкілдері қатысқан.
Тәжікстандықтар "Ислам Каримов қабырғасы" деп атап кеткен ұзындығы 10 метр, ені 3 метрлік қабырға 2010 жылы өзбек билігінің бастамасымен тұрғызылған. Тәжікстан билігінің Азаттықтың Өзбек редакциясына хабарлауынша, аталған шекара бекетінде терминал, қонақ үй мен көлік тұрағын салу жоспарланып отыр. Тәжікстанның Пенджикент ауданындағы Саразм ауылының тұрғыны Осим Жамоловтың айтуынша, қабырға тұрғызылғанға дейін жергілікті тұрғындар көршілес Өзбекстанға жиі қатынап, азық-түлік пен керегін алып тұрған. Себебі Соғды облысының орталығы Худжанд қаласы Саразм ауылынан 250 шақырым қашықта, ал Самарқанға дейінгі аралық 36 шақырым ғана. Тәжікстандық журналист Шохин Равшанның Азаттыққа айтуынша, "Саразм-Жартепа" тексеру және өткізу бекетін келесі айдың ортасына таман ашу жоспарланған.

Серіктес жаңалықтары