Пикассо туындысынан жасырын сурет табылды

Пикассо туындысынан жасырын сурет табылды

Пикассо туындысынан жасырын сурет табылды
ашық дереккөзі
Бір топ америкалық зерттеуші жаңа технологияны қолдана отырып, Пабло Пикассоның «Жүресінен отырған қайыршы» атты туындысының астарынан жасырулы бейнені тапты. Бұл туралы Хабар24 сайты хабарлады. Зерттеушілер рентгенофлуоресцент талдауын жүргізіп, майлы бояумен салынған суреттің қатпарынан Барселона көрінісін анықтаған. Қолданылған құрылғы көпке қолжетімді әрі ықшам. Кез келген галереяға апарып, сараптама жүргізуге болады. Мамандардың айтуынша, алдағы уақытта оның көмегімен суреттердің қай жылы және қай жерде салынғанын анықтау оңайға соқпақ.