Алматы облысында із-түзсіз жоғалған екі оқушы іздестірілуде

Алматы облысында із-түзсіз жоғалған екі оқушы іздестірілуде

Алматы облысында із-түзсіз жоғалған екі оқушы іздестірілуде
ашық дереккөзі
Алматы облысында екі жасөспірім із-түзсіз жоғалып, әлі күнге дейін табылмай отыр. Бұл туралы өңірдің ішкі істер департаменті баспасөз қызметі хабарлады.  Департамент дерегінше, оқушылардың бірі – Нұрбек Сейітхан 2017 жылдың 16 желтоқсанында Талдықорғанда жоғалған, екіншісі – кәмелеттік жасқа толмаған Александра Плигина Талғар ауданы Ақтас ауылында биыл 8 қаңтарда үйінен шығып, қайта оралмапты. Мектеп оқушыларының суреті әлеуметтік желідегі өңір полициясы парақшасында жарияланған. Жоғалып кеткен жасөспірімдерді көрген жандар болса, Талдықорған қаласы ІІБ кезекші бөліміне хабарлассын: 8-7262-608067 (68), Алматы облысы ІІД іздеу бөлімі: 8-7282-608233 немесе 102 нөміріне қоңырау шалуға болады.